Мұратбеков Сайын

Әдебиет

15.10.1936, Алматы обл. – 13.03.2007,  Алматы

Жазушы, аудармашы, қоғам қайраткері

ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

«Жабайы алма» хикаятында соғыс жылдарындағы  қазақ аулының тыныс-тіршілігі, балалық шағын өрт шарпыған ұрпақтың сол қиын кезеңдегі тағдырлары, бастан кешкендері әңгімеленеді. Балалардың, әйелдердің сол кездегі еңбегі, ой, қиял-арманы ешкімді де жайбарақат қалдырмайды. Жазушының басты стильдік өрнегі – қазақ прозасында психологиялық лиризмді орнықтыруы. Шығармадағы Нәзираның зары – жай пенденің қасіреті емес, бұл - сол заманның, сұм соғыстың кесірінен екінің бірінің басына түскен қасірет, қайғы. Жазушының құдіреттілігі, қиялға берілмей, хикаятты тұтас бір дәуірдің немесе кезеңнің тыныс-тіршілігін, өмірін, қаз-қалпында туындысына сыйғыза білуінде. Қаламгердің «Жабайы алма» хикаятының негізгі түйіні жаманнан жиренуге, жақсыны үйренуге үндейді. 

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора

  • «Жабайы алма»
Үміткерлерге дауыс бермес бұрын тіркелу керек.
Дауыс беру барысында Google, Yandex, Mail.ru электронды пошталарын пайдалануға болады.
Электронды поштаңызды енгізіңіз. Нұсқаулық поштаңызға келеді.