Негимов Серік Нығметоллаұлы

Әдебиет

13.07.1948, Солтүстік Қазақстан обл.

  

әдебиетші,

шешендік өнертанушы

 

 

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

«Шешендік өнер».

Зерттеу

Серік Негимов – қазақ әдебиеттануы мен шешендік өнерді зерттеу саласының көрнекті өкілі. Ұлттық өлең өрімін, ақын-жыршылар тілін кешенді қарастырған ғалым. Оның «Шешендік өнер» атты зерттеу кітабы Тәуелсіздік кезеңіндегі ұлт әдебиеттануы мен мәдениеттануының жаңаша қырын ашты.

Автор аталған еңбегінде шешен тұлғасының адамзат дүниесін қырағы байқауын, тереңнен толғауын, айрықша дауысымен, мағыналы, парасатты толғамдарымен, түйдек-түйдек ойларымен, бет-жүзінің, сөз ырғағының еркіне бағынған қимыл-қозғалыстарымен, білік-білімімен, көшелі, көреген қасиеттерімен толқынды топты өзіне қаратуын, құлақ құрышын қандыратын, жанды, рухты дүр сілкіндіріп тазартуын жан-жақты қарастырады.

Бұл еңбекте ғалым көркем сөз шешеннің рухани дүниесі мен сыртқы келбетінің гармониялық келісімінен туатынын дәлелдейді. Сөз сөйлеушінің ақылы мен жүрегіндегі болатын асыл ойлар, сезімдер шешеннің сыртқы тұлғасынан (бет-жүз құбылыстары, қимыл-әрекеттері) айна-қатесіз аңғарылатынын мысалдармен жеткізеді. Сондай-ақ автор шешеннің өнерпаздық дарыны, шығармашылық тәжірибесі, көркемдік танымы, шынайы көңіл-күйі, табиғи болмысы сынды ғылым нысанасына ілінбеген жайттарды да қозғайды.

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора

  •  Исследование «Шешендік өнер»