Нұрғалым Ұларбек

Әдебиет

15.02.1985, Қытай Халық Республикасы

Ақын

«Көне жұрттан көшкен жыр» өлеңдер жинағына ұлттық дүниетанымның таза тұмасы – қазақы тіршілік, бауырмалдық, отаншылдық, ұлттық рухтың алуан қырларын аша түсетін айшықты жырлары енгізілген. Оқырман сезіміне әсер етпей қоймайтын бұл өлеңдер адамдар арасындағы қарым-қатынастың шаң басып қалған кей тұстарын сүртіп өтуімен ерекшеленеді. Бала күнінен көшпенді тірліктің ортасында өскен ақынның өлеңдерінен ұлттық болмыс қағидаттары аңқып тұрады. Ұларбек Нұрғалым – қазіргі қазақ поэзиясында есімі оқырманға мәлім талантты ақын. 2004 жылы атажұртқа қоныс аударған. Т.Жургенов атындағы Өнер академиясының «кинодраматургия» мамандығын тәмамдаған. «Керағыс» жыр жинағының авторы. «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты.

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора

  • Сборник стихов «Көне жұрттан көшкен жыр»