Омар Құралай

Әдебиет

20.06.1983, Шығыс Қазақстан обл.

Ақын

«Мендегі үнсіздік» өлеңдер жинағында ақын қағаз бен бен қаламға сырын айта отырып, өмірдің тылсым сырларын ашуға, тіршіліктің ақиқатын айқындауға ұмтылады. Оның жырларындағы махаббат машақаты, көңіл аңсары, жүрек тебіренісі, жан-дүние толғанысы өрнекті өлең арқылы оқырманды поэзия патшалығына бастап, өлең өлкесіне жетелейді.  Қалың оқырманға нәзік те сырлы өлеңдері арқылы таныс Құралай Омар - өлеңсүйер қауым жылы қабылдаған ақын қыздардың бірі. Өзінің шығармашылық сезімін жауған қармен, сіркіреген жаңбырмен, жел тербеген ақ қайыңмен, түнерген аспанмен, т.б. табиғат құбылыстарымен астастыра жырлап, ішкі үйлесімдікпен үндестіре білу -ақынның шеберлік ерекшелігі.

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора

  • Сборник стихотворений «Мендегі үнсіздік»