Омарова Мәдина

Әдебиет

12.02.1975, Алматы обл.

Жазушы, драматург, аудармашы

«Қадір түні» проза

Мәдина Омарова – қазіргі әдебиетімезде оқшау стилімен, тың тәсілдерімен дараланған жазушы. Ол аз жазғанымен, әңгімелері өз оқырманын тосын сипаттарымен үйіріп әкетеді. Оның «Ақтастағы Ахико-сан» драмалық туындысы сахналанып, әдебиет сүйер қауымның таныс туындысына айналды.

М.Омарова әңгімелерінің көлемі шағын, стилі мен сюжеттік желісі қарапайым, шешен сөйлеуге тырысушылық мүлде байқалмайды. Кейіпкерлері көбіне екіұдай тағдырдың иесі. Олардың ой-сезімі нақты жағдайдан туындап жатады. Осы тұрғыда оның шығармалары постмодернизмге жақын. Автор, сонымен қатар, ұлттық танымнан да қол үзбейді.

Жазушының «Қадір түні» атты жинағы үш бөлімнен тұрады. Оның алғашқысы – әңгімелері, екіншісі – драмалық шығармалары, үшіншісі – аудармалары. Бұл жинақ авторға тән ойлау ерекшелігін, автор стилі мен жанрлық бейімдігін танытатындығымен құнды.

М.Омарова – Тәуелсіздік кезеңіндегі еркін ойлы әдебиеттің өкілі ретінде өзін көрсете алған жазушы.

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора