Оразалин Нұрлан

Әдебиет

13.06.1947, Алматы обл.

Ақын, даматург, қоғам қайраткері.

ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

«Ғасыр мен қоштасу» жыр кітабы адамзаттың күллі ғалам мен құдіретті уақыт алдындағы парыз бен қарызын сарала ған ой айтады. Оның шығармаларында лирикалық сезім мен драмалық тартыстан туған өмір философиясы көрініс табады.  Ішкі иірімге толы өлеңдері арқылы әлем шындығына бойлайды. Адам атаулыны бөлмей, жалпыға ортақ сезімді жырлайды.  Тәуелсіздікті халқының рухын көтерген, бағын ашқан, келешекке жарқын жол сілтеген оқиға деп біледі. Оны баянды етудің жолы елдікке қызмет ету, қазақ рухын көтере жырлау деп ұғады. Ақын өмір құбылыстарын терең сезініп, жан сырына айналдыра білді. Тарихқа көз жіберіп, қиындыққа ұрынған елдің іргесі қалай сөгілгені туралы сыр шертеді. Заманның аласапыран суретін көз алдына келтіреді.  Өшкен тарихтың ізін сақтаған халықтың рухани күшін жырға қосады. Осы ойлар жалғасып кеп, бүгінгі тірлікке тіреледі. Ақын өткенге салауат айтып, енді бүгінгі тіршілікті, өзі көрген сұлу өмірді сақтауды тілейді. Ол адалдық пен сатқындық туралы, өткінші өмір туралы ойлантады.

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора

  • Книга поэзии «Ғасырмен қоштасу»          
Үміткерлерге дауыс бермес бұрын тіркелу керек.
Дауыс беру барысында Google, Yandex, Mail.ru электронды пошталарын пайдалануға болады.
Электронды поштаңызды енгізіңіз. Нұсқаулық поштаңызға келеді.