Салықов Кәкімбек

Әдебиет

22.01.1932, Солтүстік Қазақстан обл. – 27.11.2013, Астана

Ақын,мемлекет және қоғам қайраткері

Н.Островский атындағы Бүкілодақтық әдебиет сыйлығының лауреаты

«Жезкиік».

Өлеңдер

Кәкімбек Салықовтың «Жезкиігі» - жыр мен сезім кітабы. Сыршылдық, әуезділік, сан сипатты бояу-нақыштар – ақын поэзиясының көркемдік көрсеткіштері деуге болады. Ұлы Дала дидары, табиғаттың сұлу көріністері, інжу-сезім толқындары, ұлттың әншілік, күйшілік, жыршылық өнері мен өнегесі - «Жезкиік» кітабының тақырыптық ауқымын айқындайды.

«Дүниеде мен сүйген бір адам бар», «Жезкиік», «Сарыарқа», «Саумалкөл», «Аққу жеткен» және т.с.с. әндері ел жүрегінен орын тапқан.

К.Салықов көркем аудармаға да атсалысып, А.Пушкин, М.Лермонтов, Я.Полонский, С.Наровчатов, В.Савельев, В.Маяковский, Р.Ғамзатов, М.Львов шығармаларын тәржімалады.

Тәуелсіздік пен Астана мұратын асқақтатып, жыр дестелерін өмірге әкелді.

 

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора