Сарыбай Бейбіт

Әдебиет

03.01.1983, Алматы обл.

Жазушы

Халықаралық «Дарабоз» бәйгесінің жүлдегері

«Қараторғай» әңгімелер жинағына «Ақтабан», «Қараторғай» хикаяттары енген. «Қараторғай» шығармасында өмір тезінен сағы сынбай өтіп шыңдалған тұрлаулы тағдыр иесі Темірлан бейнесі шынайы сомдалған. «Ақтабан» туындысында баршамыз түлеп ұшқан туған ауылымыздың қоңыр тіршілігі, халқымыз жеті қазынаның біріне балаған адамның сенімді серігі Ақтабан иттің жан толқытар кейпі сыршыл қаламгер шеберлігіне иландырады. Жинақтағы «Көктем. Ақбұлақтар», «Менің  Қазастаным», «Жүрек тұнған сағыныш», «EXPO - 2017», «Мейірім», «Ертегі», «Қараағаш», «Естелік», «Деканыңа сәлем айт», «Қазақы мінез», «Байлар да жылайды», «Біздің заманның Шығайбайлары» әңгімелерінде кіршіксіз бала арманы мен аңсары, күнделікті күйбің тіршілік ағымындағы қайшылықтар, адам бойындағы әралуан мінездер шынайылықпен көрініс тапқан. Бейбіт Сарыбай – қазіргі қазақ әдебиетіндегі жаңа толқынның дарынды өкілі. Жазушының «Рауғаш ерте гүлдейді», «Мейірім», «Қараторғай» кітаптары оқырманға жақсы таныс.

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора

  • Сборник рассказов «Қараторғай»      
Үміткерлерге дауыс бермес бұрын тіркелу керек.
Дауыс беру барысында Google, Yandex, Mail.ru электронды пошталарын пайдалануға болады.
Электронды поштаңызды енгізіңіз. Нұсқаулық поштаңызға келеді.