Сәрсек Жарас

Әдебиет

15.05.1968, Алматы обл.

Ақын

Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері

«Түнемел» жыр жинағы ақынның туған елін асқақтату, құндылықтардан тағылым алу мақсатындағы шұрайлы жырлардан тұрады. Жарастың лирикасы жаратылысы бөлек, әлеуеті ерекше. Тәуелсіздіктің жыр айдынында алар бағасы да осымен өлшенбек. Әдебиетке өткен ғасырдың 90-жылдарының басында келіп, егемендік алған алғашқы қиын-қыстау жылдарда қолынан қаламы түспей қазақ көркемсөзіне барынша қызмет еткен ақындардың бірі – Жарас Сәрсек. Қазіргі әдеби талдауларда «Алтын көпірліктер» аталып кеткен талантты бір буын бар. Осы буын нарық заманына бейімделе алмай, сындарлы ел тәуелсіздігінің алғашқы он жылында түрлі басылымдарда қызмет істей жүріп, әдебиеттен қол үзген емес. Сол буынның белортасында есімі аталатын Ж.Сәрсектің «Керуен көшіп барады» атты алғашқы жыр жинағынан басталған шығармашылық қуаты одан бертінде оқырман қауымды бей-жай қалдырған емес.

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора

  • Сборник стихов «Жүрегімнің ішіндегі жүрегім» 
Үміткерлерге дауыс бермес бұрын тіркелу керек.
Дауыс беру барысында Google, Yandex, Mail.ru электронды пошталарын пайдалануға болады.
Электронды поштаңызды енгізіңіз. Нұсқаулық поштаңызға келеді.