Сәрсенбаев Оразбек

Әдебиет

20.08.1938, Қызылорда обл. – 05.05.2015, Алматы

Жазушы. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

Роман «Шамшырақ».

Шындықтың жыршысы болған Оразбек Сәрсенбаев – шынайы шығармаларымен, әдебиет пен шығармашылыққа деген адалдығымен қазақ руханиятына сүбелі үлес қосқан қаламгер.

Автордың қара сөз құдіретін танытқан романынан өзіндік қолтаңбасы, ұстанымы, ізденісі мен жаңалығы анық аңғарылады. Уақыттың тезінен өтіп, ғасырлардың кезекті оқырмандарына да әсер қалдыратын шығармаларды дүниеге әкелген жазушының «Шамшырақ» романы кешегі социализм заманында өмір сүрген ұрпақтың басынан өткерген қилы-қилы тағдырын сөз еткен нағыз көркем, кестелі туынды ретінде әдебиетіміздің алтың қорына қосылған дуниесі десе де болғандай.

Атажұртқа деген телегей теңіздей толқыған сезім, ел басынан көшкен күндер, сүрген дәурені мен демін жұтқан дәуірінің сипатын шебер суреттеген қаламгердің әрбір шығармасы оқырманның жүрегіне жол тауып, ықыласына ие боп келеді.

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора