Серікбаев Байбота

Әдебиет

08.05.1954,

Қызылорда облысы.

Ақын, аудармашы, журналист

Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты

«Жұмақ нұры». Өлеңдер, сонеттер, балладалар

Байбота Серікбаев (Байбота Қошым-Ноғай) – ақындық шеберлігін шыңдауда да, зияткерлік деңгейін көтеруде де тынымсыз ізденіс, толассыз еңбек үстінде жүрген қарымды қаламгер. Оның танымдық мақалаларында ғылымилық сипат басым.

Ақын өлеңдерінде сыршыл сезім, тұтқиыл тапқырлық, ырғақтық жайлы толқын, дыбыстық әуезділік қатар орын алады. Бұның бәрі ақынның өзінен бұрынғы сөз шеберлерінен үйренгені мен игергенінің молдығын көрсетеді. Бұл өлеңдер өзінің ойлылығымен де, образдылығымен де қатар баурайды. Б.Серікбаев өлеңдеріндегі дәстүршілдік пен тың үрдістер, жан сырын жаюдағы, суреттеу мен баяндаудағы шеберлік кейінгі поэзия өкілдеріне игі ықпал етті.

Ақынның «Жұмақ нұры» атты өлеңдер, сонеттер мен балладалар жинағы автордың дәстүрді игеріп, қорытуының нәтижесінде қол жеткізген, қазақ поэзиясының көкжиеген кеңейткен мазмұн мен түр жаңалығына өте бай.

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора