Серікқалиев Зейнолла

Әдебиет

10.02.1938, Атырау обл. –

20.03. 2004, Алматы

Сыншы, әдебиеттанушы, аудармашы

ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

«Жандауа» Талдау мен толғаныстар

Зейнолла Серікқалиұлы – «Ойлар, толғаныстар» жинағынан бастап, сын саласынан табан аудармай еңбек еткен көрнекті қаламгер. Әдебиеттануда тарихи романдар бойынша кандидаттық диссертация қорғаған зерттеуші өзге тілдерден бірнеше драмалық туындылар мен танымдық еңбектерді қазақ тіліне аударуға да атсалысты.

З.Серікқалиев адами өзінің болмысынындағы тазалық-бекзаттықпен, сындағы шыншылдығымен қоғамда және әдеби ортада өшпес із қалдырған өнегелі тұлға. Академик Серік Қирабаев оны: «Зейнолла Серікқалиев – 60 жылдары шыққан қазақ сыншылары ұрпағының көшбасшысы» деп бағалаған. Әр кезеңде жарық көрген әдеби туындылардың озық үлгілерін дәл танып, көрегендікпен бағалап отыруынан сыншының әдеби үдерісті жіті бақылап отырғаны және тереңнен танығаны анық байқалады.

«Жандауа» – автордың өмірінің соңында шыққан, «Сын кітабы», «Тағдыр және біз», «Алтын жамбы» сияқты көпке танымал жинақтарынан іріктеп алып, «Киелі құмшарық», «Дүниетану даналығы» атты екі тарауға бөліп берген таңдамалысы. Мұнда ғылыми және көркемдік ойлауға қатысты әр жылдарда жарық көрген, мәдени-қоғамдық ойға қозғау салған әдеби-эстетикалық, сыни және ғылыми толғаныстары топтастырылған.

 

 

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора