Шаханов Мұхтар

Әдебиет

02.07.1942, Оңтүстік Қазақстан обл.

Ақын, драматург. «Түркі дүниесіне қызмет» халықаралық сыйлығының лауреаты

«Ғасырларды безбендеу» өлеңдер жинағы

Мұхтар Шахановтың “Ғасырларды безбендеу” атты кітабына əр кезеңде жазылған өлең-жырлары, балладалары, поэмалары енген. Бұл жинаққа «Махамбеттің монологы», «Эверестке шығу», «Шың басындағы оқиға», «Сұлулықты сезіну немесе Ғабиден Мұстафинмен қарттық жайлы әңгіме», «Достық өлкесінің заңы» және басқада шығармалары енген. Ақын өлеңдерінің ерекшелігі бұрынғы қалыптасқан лирикалық өлеңдердің дәстүрлі шеңберін кеңейте отырып жаңа формаларды өрбіте білуінде.

Көптеген жылдар бойы ақынның өлеңдері халықты рухты сезімге бөледі. Ол тек махаббатты, жастық шақты ғана жырлап қана қойған жоқ, сонымен қатар елдік, ерлік, туған елін, жерін қорғау туралы жырлары жас ұрпақты тәрбиелеуде үлкен рөл атқарды. Мәселен, «Отырардың күйреуі» атты туындысын бірнеше бірнеше буын жаттап өсті.  Тіл, жер, дәстүр секілді ұлттық құндылықтарға жыр арнап,  тұрақты насихаттады.

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора