Шапай Тұрсынжан

Әдебиет

01.02.1957, Қытай Халық Республикасы

Жазушы, әдебиет сыншысы

Қазақстан комсомолы сыйлығының және халықаралық «Алаш» сыйлығының  лауреаты

«Шын жүрек - бір жүрек».

Әдеби сын, зерттеу

 

Тұрсынжан Шапай – әдебиетке, ғылымға өткен ғасырдың 80-жылдары келген буынның талантты өкілі. Әр түрлі жанрларды ( көркем әңгіме, эссе, сатиралық проза т.б.) қамтыған шығармашылығында автор адам жанына терең үңіледі. Абайтану мен қазақ поэзиясының мәселелері туралы жарық көрген эссе, мақалалары өзекті мәселелерді қамтиды. Оның «Шын жүрек – бір жүрек» кітабында Абайдың  өмірбаяндық деректерін ақынға қатысты айтылатын ел аузындағы аңыздармен, өлең, қара сөздерімен тұтастыра қарап, шығармашылық болмыс пен кісіліктің дара тұлғасын ашады.  Әдеби үдеріс, соның ішінде поэзиядағы көркемдік жаңа нышандар сөз болады. Сондай-ақ, қазіргі кезең болмысы, қоғам мен адам мінезіндегі кейбір құбылыстар  әдебиетшінің түйсік-көзімен сатиралық пафоста зерделенеді.

Т.Шапай – жоғары көркемдік талаптар деңгейінен табылатын шығармаларымен, әдеби сын зерттеулерімен ұлт әдебиетінің даму жолында қажырлы еңбек етіп келеді.

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора