Смайыл Алдан

Әдебиет

03.10.1946, Қарағанды обл.

Жазушы, публицист. 

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

«Тамұқтан келген адам» романы ұлт әдебиетіндегі іргелі туындыларының бірі. Романда автор адам мен қоғам, өмір мен өлім жайлы толғанады. Адам мен адам, табиғат пен адам, өткен және жаңа қоғам арасын әңгімелей келе, өлім мен өмірдің психологиялық және адамдық философиялық құдіретін айқындауды мақсат тұтады. Романда психотрагизм әдісі пайдаланылған. Шығарма кейіпкерлері толарсақтан қан кешіп жүріп, бауыр еті баладан, кіндігі бір ағайыннан бірде өлі, бірде тірі айырылып, осынау қиын күрмеулерге сан шырмалады. Роман оқиғасында өткен ғасырдың 30-шы жылдарындағы тарихи шындық негізге алына отырып, адамзат ниетінің құбылу эволюциясы берілген. Сол мақсат көркем де ақиқат көріністерден өрілетін философиялық һәм психологиялық түйіндер арқылы орындалған. Жаңа роман әлем жайлы, ел жайлы, өмір жайлы, азаттық жайлы пікірдің өзгерген кезі туралы қызу ойларға толы. Шығарма психологиялық астарымен мәнді, трагедиялық ауыр да ащы ойларымен маңызды.

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора

  • Роман «Тамұқтан келген адам»  
Үміткерлерге дауыс бермес бұрын тіркелу керек.
Дауыс беру барысында Google, Yandex, Mail.ru электронды пошталарын пайдалануға болады.
Электронды поштаңызды енгізіңіз. Нұсқаулық поштаңызға келеді.