Соқпақбаев Бердібек

Әдебиет

15.10.1924, Алматы обл. – 24.07.1991, Алматы

Жазушы, ақын

«Менің атым – Қожа». Хикаят 

Бердібек Соқпақбаев – өзіндік үнімен, ешкімге ұқсамайтын суреткерлік қолтаңбасымен, соны ізденісімен сөз өнерінде  өз орнын иемдеген қазақ балалар әдебиетінің классигі. Жазушы қаламынан туған түрлі жанрда шығармалар қазақ әдебиетінің дамуына үлес қосты. Шығармашылық жолы өлең жазумен басталғанымен қаламгердің суреткерлік қарымы прозада танылды. Ол адам мінезінің психологиялық қайталанбас өсуі мен өзгеруін, характерлер дамуын барынша қайшылықта көрсете білді. Жазушының атағын шығарып, әлемге танытқан ең таңдаулы шығармасы – «Менің атым – Қожа» повесі. Повесте кеңестік заманның ұрда-жық саясатын баланың көзі арқылы асқан шеберлікпен әшкерелейді. Бұл тұрғыда кеңестік формализмді қазақ жазушылардың ішінде Б.Соқпақбаевтан артық  жеріне жеткізіп сынаған қаламгер некен-саяқ.

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора

  • Приключение «Менің атым – Қожа»        
Үміткерлерге дауыс бермес бұрын тіркелу керек.
Дауыс беру барысында Google, Yandex, Mail.ru электронды пошталарын пайдалануға болады.
Электронды поштаңызды енгізіңіз. Нұсқаулық поштаңызға келеді.