Тұрсынов Едіге Дәріғұлұлы

Әдебиет

10.07.1942  – 24.12.2016, Алматы

Фольклортанушы,

мәдениеттанушы

«Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері».

Монография

 

Едіге Тұрсынов – фольклортанушы-ғалым. Ғалым ғылыми-зерттеуінде қазақ фольклорының көне дәуірдегі типтерін, ақын, сал-сері, жырау, бақсы секілді ауызша фольклорды таратушылардың пайда болу тарихын қарастырады. Түркі халықтарының фольклоры мен этнографиясын салыстыра отырып, Қорқыт сарынының өзінен кейінгі бақсыларға әсерін зерттейді.

Ғалым қазақтың тарихи жырлары мен тарихи өлеңдерін жеке дара бөлмей, оларды түркі-моңғол халықтарының эпикалық дәстүрлерінің жалғасы ретінде байыптайды. Зерттеу еңбек ұлттық мәдени құндылықтарымыздың бастау тарихын танып-білуде елеулі рөл атқарды.

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора

  • Монография «Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері»