Жайлыбай Ғалым

Әдебиет

09.02.1958, Қарағанды обл.

Ақын

Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері

«Қара орамал» өлеңдер мен поэмалар жинағы – ақынның жаңашыл көркемдік қуаттағы ізденісін даралайтын поэма-реквиум. Сталиндік қара түнек жылдары жазықсыз жапа шеккен шерменде жандардың көз жасы, шері мен мұңы, қайғысы мен зары адамзат баласын тоталитарлық жүйенің қанды зұлматынан сақтандырады. Ғалым Жайлыбай – қазіргі қазақ әдебиетінің көркемдік даму үрдісінде айрықша аталатын айтулы ақын. «Жанымның жапырақтары», «Жүрегімнің жұлдызы», «Құс қанаты», «Қарашығымдағы қара өлең», «Ардакүрең», «Есіл ағады» жыр кітаптары, «Ескі Жұрт», «Отызым да барады...», «Тағдырымның тамыры» әдеби мақалалар жинағының авторы. Халық ақыны Жолдыкей Нұрмағанбетұлының артында қалған мол мұрасын жинап, алғы сөзін жазып, «Сұлу терек» деген атпен жинақ етіп бастырды. Ақын поэзиясына сыршылдық пен мөлдір сезім, далалық кеңдік пен табиғаттай тазалық үйлесімі тән. Туған жердің табиғат сұлулығын, ерке өзені мен мөлдір бұлағын жырлаған дала жыршысы ел тағдырына алаңдайды. Тамыры ауылдан ажырағысыз қазақ баласының бойындағы кіршіксіз адалдық пен асақарлы мұраттарын суреттейді.

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора

  • Сборник поэм и стихов «Қара орамал»
Үміткерлерге дауыс бермес бұрын тіркелу керек.
Дауыс беру барысында Google, Yandex, Mail.ru электронды пошталарын пайдалануға болады.
Электронды поштаңызды енгізіңіз. Нұсқаулық поштаңызға келеді.