Жақып Бауыржан

Әдебиет

01.05.1963, Шығыс Қазақстан обл.

Ақын,әдебиеттанушы. 

Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты

«Уақыт ұршығы» өлеңдер жинағына қамшының сабындай қысқа өмірдің сан қырын суреттейтін өлеңдер топтастырылған. Поэзиясына қоғам өмірінің сан алуан толғақты мәселелерін арқау еткен ақын өлеңдерінен ел мен жер тағдырына алаңдаған азаматтық үнін сезінеміз. Жалпы, ақынның уақыт ұршығы тұжырымдамасы – уақыт өлшемі, тарих талқысы, тағдыр өресі деген ұғымдарға сәйкес келеді. Бауыржан Жақып - жан-жақты әдеби-ғылыми-шығармашылық ізденістегі тұлға. «Жұлдызды шақ», «Көзімнің нұры», «Айдындағы аспан», «Ақ лақ», «Қолтаңба», «Уақыт ұршығы», «Қызыл қайың» жыр жинақтары, «М.Әуезов – публицист», «Ұлы суреткер ұлағаты», «Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары», «Публицистикалық шығармашылық негіздері» ғылыми еңбектерінің авторы. Өлеңдері «Екі мың жылдық дала жыры» атты таңдаулы жырлар кітабына енгізілген. Пэзиясында атамекен суреттері көрініс тауып, елдік мәселелер жырланады. «Жан дауасы» поэмасында барша қазақ халқына қасірет әкелген Семей полигонының зардаптары шынайы суреттелген.

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора

  •  Сборник стихов «Уақыт ұршығы»     
Үміткерлерге дауыс бермес бұрын тіркелу керек.
Дауыс беру барысында Google, Yandex, Mail.ru электронды пошталарын пайдалануға болады.
Электронды поштаңызды енгізіңіз. Нұсқаулық поштаңызға келеді.