A New History of Western Philosophy (In Four Volumes). Volume 1

A New History of Western Philosophy (In Four Volumes). Volume 1

Medieval Philosophy: A New History of Western Philosophy, Volume 2

Anthony John Patrick Kenny

Автор туралы мәлімет:

Энтони Джон Патрик Кэнни – ағылшын философы. Ол ми мәселелерін зерттеумен, ежелгі және схоластикалық философиямен, Витгенштейн философиясымен және дін философиясымен айналысады. Питер Джичпен бірлесе отырып, ол сараптамалық томизм қозғалысын дамытуға зор үлес қосты. Қозғалыстың негізгі идеясы – Аквиналық Фоманың ойларын қазіргі философия үлгісінде көрсету. Кэнни – Витгенштейннің әдеи өсиетін ңске асырушылардың бірі. Кэнни Британ академиясының және Корольдік философия институтының президенті болды. Кэнниге рыцарь дәрежесіне ІІ Елизавета 1992 жылы берді. 2006 жылы Кэнниді Америка католиктік философия қауымдастығы Аквиналық Фома орденімен марапаттады. Оның портреттері Британ академиясында, Баллиол колледжінде және Оксфордтағы Родос үйінде бар.

Сипаттама:

Сэр Энтони Кэнни өз кітабында философияның пайда болуының қызықты тарихын және оның Ежелгі Жерорта теңізі аймағында өркен жаюын әңгімелейді. Бұл –батыс философиясының ерекше үлкен әлемін ашқан Кэнни төрттомдығының бірінші томы. Ежелгі философия мың жылдан астам уақытқа созылды және Фалес, Пифагор, Парменид, Сократ, Эпикур, Марк Аврелий, Августин сияқты ұлы ойшылдарды дүниеге келтірді. Бұл кітапты осы саладағы белді және беделді ғалым жазды. Платон және оның көлеңкелер үңгірі, Аристотель этикасы, Августиннің Құдайлар қаласы секілді көпке мәлім деректердің сыни емес, біржақты байламдарының орнына біз өмір бойы философтардың жұмысы туралы ой кешкен адам арқылы алдыңғы қатарлы философтар өміріне үңілеміз. Ол Аристотель жайлы кең ақпарат берумен ғана шектелмей, тереңдей түседі, оның ойларына сын айтады. Кэнни Пре-сократтықтан Эпикурлік мектепке дейінгі түрлі философиялық мектептерді таныстырады. Ол логика мен ақыл-ойдың, физика туралы (заттардың пайда болуы жөніндегі) ежелгі идеялардың, метафизика мен этиканың дамуын және жан мен құдай туралы алғашқы ойларды қарастырады. Ұғынықты тілмен, пәнді терең және байыпты түсінумен жазылған еңбек бізге ұлы философтарды шынайы түсіну жолын нұсқайды. Кэнни қаламынан туған анық та айқын тарих Батыс ойының даму бағытын қалыптастырған адамдар мен иядеяларға құмартатын жандардың бәріне қызықты болатыны сөзсіз.

 

Вузы, которые рекомендуют эту книгу:
  1. University of Oxford
  2. California Institute of Technology
  3. Stanford University
  4. University of Cambridge
  5. Harvard University
  6. Princeton University; ETH Zurich-Swiss Federal Institute of Technology
  7. Zurich University of California
  8. Berkeley Brown University
  9. Columbia University
  10. Cornell University
  11. University of Pennsylvania
  12. Yale University
Кітап жайлы достарыңызбен бөлісіңіз
  • ISBN-10: 198752725
  • ISBN-13: 978
  • Тіл: Английский
  • Жарияланған жылы: 2007
  • Беттер саны: 364
  • Бірінші шығарылым: 2007
  • Бағыт: Философия

Басқа кітаптар

  • Язык и межкультурная комм...

    Светлана Тер-Минасова...
  • The Social Animal. 11th ...

    Elliot Aronson...
  • The Fourth Industrial Rev...

    Klaus Martin Schwab...
  • Social Psychology ...

    David Myers, Jean Twenge...