A History of Modern Psychology. 11th Edition

A History of Modern Psychology. 11th Edition

Duane P. Schultz, Sydney Ellen Schultz

Автор туралы мәлімет:

Дуэйн Шульц Дуэйн Шульц Клируотерде тұрады. Ол – Оңтүстік Флорида университетінде психология профессоры. Шульц бакалавр дәрежесін – Джон Хопкинс университетінде, магистр дәрежесін Сиракуза университетінде алды. Доктор дәрежесін әлеуметтік психология саласында Вашингтондағы Америка университетінде қорғады. Д.Шульц университеттерге арнап үш оқулық жазды. Олар қазір 9 және 10 басылыммен қайта шықты. Еңбектер 7 тілге аударылған. Ғалым Теңіз зерттеулері кеңсесінен және Психикалық денсаулық ұлттық институтынан зерттеу гранттарын алды. Сондай-ақ ол Зигмунд Фрейд пен Карл Юнгтің өмірі мен қызметі жайлы салыстырмалы зерттеулер жариялады. Мари Вашингтон колледжіндегі, Шарлоттадағы Солтүстік Каролина университетіндегі, Гронинген университетіндегі оқытушылық қызметтен кейін, сондай-ақ АҚШ пен Германиядағы шақыру дәрістерінен кейін ол Вашингтонға оралып, жазушы кәсібіне толықтай ден қойды. Сидни Элен Шульц Сидни Элен Шульц – жазушы, редактор және зерттеуші. Ол баспагерлер, үкіметтік органдар, мектептер және кәсіби қауымдастықтар үшін баспа және цифрлық оқу материалдарын дамытумен айналысады.

Сипаттама:

«Қазіргі психология тарихы» психология бойынша соңғы 30 жылдағы ең оқылымды оқулық болып саналады. Оқулық тақырыптарды кешенді қамтуымен және пән бойынша биографиялық экскурс жасауымен құнды. Онда 19 ғасырдың соңынан бергі қазіргі психологияның барлық даму кезеңі қамтылған.

Авторлар психология тарихын осы саладағы ықпалды теоретиктердің еңбектеріне биографиялық сілтеме түрінде ғана емес, олардың идеяларына, тәсілдері мен әдістемелеріне терең ықпал еткен маңызды оқиғаларды ашу арқылы да көрсетеді.

Он бірінші басылымның негізгі жаңалығы – позитивті психология саласындағы жаңалықтардың қосылуы, психологиядағы когнитивті ғылымдардың ролінің арта түсуі, түстерді компьютермен интерпретациялау және т.б. Сондықтан оқулық мәтіні қазіргі талаптарға әбден сай және психология саласындағы бүгінгі білімді дамытуға өте орайлы

Вузы, которые рекомендуют эту книгу:
  1. Harvard University
  2. Columbia University
  3. Cornell University
  4. Dartmouth College
Кітап жайлы достарыңызбен бөлісіңіз
  • ISBN-10: 1305630041
  • ISBN-13: 978
  • Тіл: Английский
  • Баспа: Wadsworth Publishing
  • Жарияланған жылы: 2015
  • Беттер саны: 425
  • Бірінші шығарылым: 1998
  • Бағыт: Психология

Басқа кітаптар

  • Язык и межкультурная комм...

    Светлана Тер-Минасова...
  • The Social Animal. 11th ...

    Elliot Aronson...
  • The Fourth Industrial Rev...

    Klaus Martin Schwab...
  • Social Psychology ...

    David Myers, Jean Twenge...