«Көпке ұмтылған жалғыз. Әлеуметтік психологияға кіріспе»

«Көпке ұмтылған жалғыз. Әлеуметтік психологияға кіріспе»

The Social Animal. 11th Edition

Elliot Aronson

Автор туралы мәлімет:

Гарвард университетінің профессоры Эллиот Аронсонның бұл еңбегі әлеуметтік психологияға адам табиғаты мен болмысы арқылы жол салған ерекше туынды. Оқулық атауының қазақша баламасы – «Көпке ұмтылған жалғыз. Әлеуметтік психологияға кіріспе».

Сипаттама:

Белгілі ғалым Эллиот Аронсонның «Көпке ұмтылған жалғыз. Әлеуметтік психологияға кіріспе» атты кітабы әлеуметтік психологияның жаңа қырларын ашады. Мамандар бұл ілімді, cалыстырмалы түрде, ғылымның жас саласы деп есептегенмен, оның алғышарттары Аристотель заманында-ақ көрініс тапқан. Ал Аронсон болса, ХІХ ғасыр соңында іргетасын Триплет қалап, 1930 жылдары К. Левин одан әрі дамытқан әлеуметтік психология ғылымының көкжиегін кеңейтуге тырысады.
Жоғары оқу орындарының студенттеріне, сондай-ақ, қалың оқырман қауымға да қызықты бұл оқулық адамның сыртқы ортаға бағынуы, жағдайға мойынсұнуы, өзін-өзі ақтап алуы, көзсіз сенімге еруі, ұнатуы, ашуға бой алдыруы, үгіт-насихат жетегінде кетуі сияқты маңызды факторларды нақты мысалдар арқылы саралайды. Соның нәтижесінде Аронсон әлеуметтік психологияның ғылыми сала ретінде қалыптасып, өзіндік орнын иеленгендігін негіздеген. Бұл еңбек әлеуметтік психологияға жаңаша қарауға, ең бастысы, адам психологиясындағы ерекшеліктерге мұқият болуға баулиды.

Вузы, которые рекомендуют эту книгу:
  1. Harvard University
  2. University of Oxford
  3. University of Cambridge
  4. Cornell University
  5. Stanford University
  6. University of California
  7. Berkeley
Кітап жайлы достарыңызбен бөлісіңіз
  • ISBN-10: 1429233419
  • ISBN-13: 978
  • Тіл: Английский
  • Баспа: Worth Publishers
  • Жарияланған жылы: 2014
  • Беттер саны: 431
  • Бірінші шығарылым: 1972
  • Бағыт: Әлеуметтану
Басқа кітаптар
  • Media Ethics at Work, 2nd...

    Lee Anne Peck, Guy S.Reel...
  • Язык и межкультурная комм...

    Светлана Тер-Минасова...
  • «Төртінші индустриялық ре...

    Klaus Martin Schwab...