The Fourth Industrial Revolution

The Fourth Industrial Revolution

Klaus Martin Schwab

Автор туралы мәлімет:

Клаус Шваб Профессор Клаус Шваб 1938 жылы Германияның Равенсбург қаласында дүниеге келген. Бүкіләлемдік экономикалық форумның және халықаралық жеке-мемлекеттік бірлестіктің президенті. Шваб мырза негізін салған форум бүгінде әлемдік, аумақтық және салалық мәселелердің шешімін іздеу мақсатында әлемдік саяси және іскерлік ортаның көшбасшылары, сондай-ақ қоғам қайраткерлерінің басын қосатын беделді халықаралық талқы алаңына айналған. Аталған форум 1971 жылы Женева (Швейцария) қаласында, комерциялық емес ұйым ретінде, тәуелсіз пікір алмасу алаңы ретінде құрылды. 1998 жылы профессор Шваб жұбайы Хильда екеуі «Scwab Foundation for Social Enterpreneuship» атты әлеуметтік кәсіп қорының негізін қалады. Аталаған қордың мақсаты әлеуметтік бастамалар арқылы жағдайды әлемдік деңгейде жақсартуға септік ету. Қор өз кезегінде әлем бойынша 350 әлеуметтік кәсіпкерлік бастамаға қолдау көрсетеді. 2004 жылы Дэн Дэвид қорының қолдауымен Шваб «Forum of Young Global Leaders» атты жас көшбасшылар форумының негізін қалады. Араға жеті жыл салып, 2011 жылы Global Shapers Community атты жастар қауымдастығы құрылды (келешегінен үміт күттіретін 20 мен 30 жас аралығындағы көшбасшылар үшін). Аталған екі ұйымның міндеті ғаламдық деңгейде қоғам мәселелерін шешуге діттелген жобаларға жастардың ат салысуына жағдай жасау. Аталған құрылымдардағы 600-ге жуық қызметкер Женева штаб-пәтерімен қоса Нью-Йорк, Бейжің және Токио қалаларындағы кеңселерде жұмыс істейді. Мамандығы бойынша инженер, әрі экономист профессор Клаус Шваб, Фрайбурс университетінде экономика және техника ғылымдары бойынша Швейцариялық федералды институтының докторы атағын қорғады (үздік). Сондай-ақ, Гарвард университеті, Кеннеди атындағы мемлекеттік басқару мектебінің мемлекеттік басқару саласы бойынша магистрі атанды. 1972 жылы Женевалық университеттің оқытушылар құрамындағы ең жас профессорлардың бірі болды. Профессор Шваб көптеген халықаралық және ұлттық марапаттар мен атақтардың игері. Ғылыми және оқытушылық жұмысынан бөлек, профессор Клаус Шваб бизнес саласында да үлкен тәжірибеге ие, ол бірқатар ірі компаниялардың басшылар алқасына мүше. Бұдан бөлек, профессор Шваб БҰҰ-ның тұрақты даму жөніндегі кеңесінің мүшесі, әрі дамуды жоспарлау комитетінің вице-төрағасы.

Сипаттама:

Шваб алдыңғыларға қарағанда, бұл революция кең, ауқымды да әртүрлі формаға ие болады деп пайымдайды. Мұны физикалық, цифрлық және биологиялық өлшемдер арасындағы шекараларды жоятын жаңа технологиялар түрімен сипаттайды. Бұл экономика, индустрия және үкіметтік салалардың барлығына ықпал етіп, өзгеріске ұшырауына алып келеді. Кейін адам концепциялары да осыған бейімделіп өзгереді.

Шваб қандай технологиялар революцияның қозғаушы тетігі болатынын, олардың үкімет, бизнес, азаматтық қоғам және жеке тұлғаға қалай әсер ететінін ашып көрсетеді. Сондай-ақ адамзат осы өзгерістерді қалай өз пайдасына қарай жақсы пайдалана алатынына жауап береді

Вузы, которые рекомендуют эту книгу:
  1. University of Oxford
  2. Stanford University
  3. Princeton University
  4. Columbia University
Кітап жайлы достарыңызбен бөлісіңіз
  • ISBN-10: 1524758868
  • ISBN-13: 2147483647
  • Тіл: Английский
  • Баспа: Crown Publishing Group
  • Жарияланған жылы: 2017
  • Беттер саны: 184
  • Бірінші шығарылым: 2016
  • Бағыт: Тарих

Басқа кітаптар

  • Язык и межкультурная комм...

    Светлана Тер-Минасова...
  • The Social Animal. 11th ...

    Elliot Aronson...
  • Social Psychology ...

    David Myers, Jean Twenge...