An Introduction to Language, International Edition

An Introduction to Language, International Edition

An Introduction to Language, International Edition

Victoria Fromkin, Robert Rodman, Nina Hyams

Автор туралы мәлімет:

Виктория Фромкин Берклидегі Калифорния университетінде экономика бакалавры дәрежесін алды. Ал лингвистикадағы магистрлік және докторлық дәрежені ол Лос-Анжелестегі Калифорния университетінде игерді. Ол 1996 жылдан өмірінің соңына дейін UCLA лингвистика факультетінің мүшесі болды. Фромкин лингвистика кафедрасын басқарды, 1979-1989 жылдар аралығында UCLA магистрлік бағдарламасының жетекшісі қызметін атқарды. Ол Стокгольм, Кембридж және Оксфорд университеттерінде шақырылған лектор болды. 1985 жылы Америка лингвистикалық қоғамының президенті, 1988 жылы Магистрлік бағдарламалар қауымдастығының президенті, Афазия Академиясының басқарма төрайымы болды. Роберт Родман Роберт Родман Лос-Анжелестегі Калифорния университетінде математика саласындағы бакалавр дәрежесін – 1961 жылы, лингвистика бойынша магистр дәрежесін – 1971 жылы, доктор дәрежесін 1973 жылы алды. Ол Санта-Круздағы Калифорния университетінде, Чапел Хилдегі Калифорния университетінде, Киото индустриялық колледжінде, Солтүстік Каролина мемлекеттік университетінде оқытушы қызметін атқарды. Ол лингвистикалық сараптама, тілді компьютерлік талдау, тілді анықтау және тексеру салаларына маманданған. Нина Хямс Нина Хямс журналистика бойынша бакалавр дәрежесін Бостон университетінде, магистр және доктор дәрежесін Нью-Йорк қалалық университетінде алды. 1983 жылдан бері UCLA линвистика факультетінің мүшесі. Оның жұмыстарының негізгі бағыты – балалар тілін дамыту

Сипаттама:

Алғашқы кезде «Тілге кіріспе» оқулығы лингвистика саласындағы бастапқы білімді талап етпейді. Оқулықта пәнге қатысты оқу, тіл, психология, когнитивті ғылымдар, антропология, ағылшын тілі, бакалавриат пен магистратурада оқып жүрген студенттерге ағылшын тілін екінші тіл ретінде оқыту сияқты салалар кеңінен қамтылған. Бұл басылым пәндер мен процестердің, ақпарат берудің педагогикалық тәсілдерінің, тақырыпқа қызықтырудың жаңа тапсырмаларының нақты сипаттамасын қолданады

Кітап жайлы достарыңызбен бөлісіңіз
  • ISBN: 2147483647
  • Тіл: Русский
  • Баспа: W. W. Norton & Company
  • Жарияланған жылы: 2014
  • Беттер саны: 624
  • Бірінші шығарылым: 2014
  • Бағыт: Философия

Басқа кітаптар

  • Язык и межкультурная комм...

    Светлана Тер-Минасова...
  • The Social Animal. 11th ...

    Elliot Aronson...
  • The Fourth Industrial Rev...

    Klaus Martin Schwab...
  • Social Psychology ...

    David Myers, Jean Twenge...