Язык и межкультурная коммуникация

Язык и межкультурная коммуникация

Светлана Тер-Минасова

Автор туралы мәлімет:

Светлана Тер-Минасова Светлана Григорьевна Тер-Минасова (1938 жылы 25 тамызда дүниеге келген) — кеңес және ресей лингвисі, филология ғылымдарының докторы, М.В. Ломоносов атындағы ММУ еңбек сіңірген профессоры, ММУ Шет тілдер және аймақтану факультетінің президенті. С.Г. Тер-Минасова РФ Білім министрлігі жанындағы шет тілдер жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңесінің төрайымы, Ағылшын тілі оқытушыларының Ұлттық бірлестігінің және Қолданбалы лингвистика Ұлттық қоғамының негізін қалаушы, президенті. ММУ еңбек сіңірген профессоры, педагогикалық қызмет үшін берілетін Ломоносов сыйлығының және Фулбрайттың 50 жылдығы сыйлығының иегері, Бирмингем университетінің (Бірікккен корольдік) және Нью-Йорк (АҚШ) штаты университетінің филология ғылымдарының құрметті докторы (honoris causa). Ресей-Армян (Славян) университетінің (Армения) құрметті профессоры, Томск мемлекеттік Ұлттық зерттеу университетінің шақырылған профессоры, Халықаралық академиялық форумы (Жапония) сарапшылар кеңесінің мүшесі. 1998 жылдан бастап, Ұлыбританиядағы International Association of University Professors of English ғылыми қауымдастығының мүшесі.

Сипаттама:

 

  • Коммуникацияға қандай факторлар көмектесіп, не кедергі болады және әртүрлі мәдениет өкілдерінің қарым-қатынасын не қиындатады?

  • Жеке тұлғаның қалыптасуына тілдің тигізер әсері қандай?

  • Тіл мен мәдениет өзара қалай байланысады?

  • Ұлттық мінез дегеніміз не және ол тілде қалай көрініс табады?

  • Тілде бір сәтте жеке тұлға сипаты және ұжымдық діл, идеология мен мәдениет қалай көрініс табады?

  • Неліктен әлемді мәдениетаралық коммуникация мәселелері алаңдатады?

Осы және өзге де сұрақтарға жарыққа шығысымен сұранысқа ие болған осы кітабынан жауап таба аласыздар.

Кітап жеңіл тілмен жазылған, мәселелер қарапайым мысалдармен түсіндірілетіндіктен, филолог студенттер ғана емес, ұлтаралық, мәдениетаралық коммуникация мәселелерімен бетпе-бет келетін дипломаттар, әлеуметтанушылар, этнографтар, психологтар, мәдениеттанушыларға да қызықты. Кітап сондай-ақ кәсіптік қарым-қатынаста немесе күнделікті тұрмыста осы мәселеге кездесіп жататын көпшілік қауымға арналған.

Вузы, которые рекомендуют эту книгу:
  1. М.В.Ломоносов атындағы ММУ Санкт-Петербург мемлекеттік университеті Н.Э. Бауман атындағы ММТУ
Кітап жайлы достарыңызбен бөлісіңіз
  • ISBN: 978
  • Тіл: Русский
  • Баспа: Cлово/Slovo
  • Жарияланған жылы: 2008
  • Беттер саны: 264
  • Бірінші шығарылым: 2000
  • Бағыт: Лингвистика

Басқа кітаптар

  • The Social Animal. 11th ...

    Elliot Aronson...
  • The Fourth Industrial Rev...

    Klaus Martin Schwab...
  • Social Psychology ...

    David Myers, Jean Twenge...