04 желтоқсан 2017 ruh.kz 237

Ақтөбеде «Жұбановтар әлемі» мұражай үйі ашылды

Ақтөбеде «Жұбановтар әлемі» мұражай үйі ашылды Фото: АО ІСБ

Өңірдегі бірегей нысанның ашылу салтанатына ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР көркемөнер академиясының президенті Аманқос Ақанаев, белгілі сазгер және ҚР қоғам қайраткері Төлеген Мұхамеджанов, академик Ажар Жұбанова, зиялы шығармашылық қауым өкілдері және өңір жұртшылығы қатысты.

Жоба «Туған жерге тағзым» акциясы аясында жүзеге асырылды. Жұбановтар отбасының  жәдігерлері, олардың өмірбаяндары жазылған стендтер, шығармалары сақталатын заманауи ғимаратты тұрғызуға ақтөбелік кәсіпкер Қайрат Мәйтеков 300 млн. теңге бөлді.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев дарынды музыканттар мен академиктер - Жұбановтар отбасы Қазақстанның рухани мәдениеті мен ғылымының дамуына сүбелі үлес қосқанын еске салды.  Мұражай үйі олардың шығармашылық мұраларын келешек ұрпаққа насихаттау мақсатында салынған.

ҚР  суретшілер акдемиясының президенті А.Ақанаев бұл нысанның мемлекет басшысының қоғамдық сананы жаңғырту бойынша тапсырмасының жүзеге асырылуының тамаша көрінісі екенін айтып өтті.

«Бұл маңызды нысанның Қазақстан бойынша баламасы жоқ. Ол барлық елге үлгі және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға қосқан тамаша үлес болып табылады. Біз Ақтөбеге осы керемет туындыны көру үшін келдік және сіздермен  шығармашылық байланыста болуға әзірміз.  Мұнда академия мүшелері келіп, шеберлік сабақтарын жүргізетін болады. Облыс әкімі мен Мәйтековтер отбасына елімізге сыйлаған осындай тартулары үшін ризашылығымды білдіремін», - деді сөз алған қонақ.

Атақты әулет өкілдерінің көпқырлы дарынын ескерсек «Жұбановтар әлемі» көп салалы нысан болады.

«Біз дарынды жастардың тұтас бір буынын тәрбиелеу мақсатын қойып отырмыз. Осы орайда біз мұнда шығармашылық одақтың бөлімшелерін орналастырамыз. Жастар мұнда дарынын шыңдап, пікір алмасып отыруы керек. Біз олардың шығармашылық жұмыстарына қажет барлық  жағдайды жасаймыз», - деді жоспарларымен бөліскен Бердібек Сапарбаев.

Мұнда сондай-ақ, балалар мен жасөспірімдердің музыкалық білімін дамыту үшін музыкалық-патриоттық клуб пен үйірмелер жұмыс жасайтын болады. Мұражайдың жалпы аумағы 1540 шаршы метр.

Шара гала-концертпен және Ғазиза Жұбанованың 90 жылдығына арналған «Жыр жазамын жүрегімнен» атты жас ақындардың республикалық байқауы жеңімпаздарын марапаттаумен жалғасты.

Айта кету керек, осы жылдың қазан айында «Жұбановтар әлемі» мұражай үйіне мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келген кезінде арнайы барған болатын. 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Басқа жаңалықтар

15 мамыр, 2018

Шәкәрім мен Ахмет жолы «Рухани жаңғыру» тұсында қайта жаңғырды

24 сәуiр, 2018

Ақтөбеліктер 2018 жылы «Туған жерге тағзым» акциясы аясында 600-ден аса жобаны жүзеге асырмақ

20 сәуiр, 2018

«Алты Алаштың шайыры...» – Омар Шораяқұлына 140 жыл

20 сәуiр, 2018

«Қасиетті Қазақтан және археология» экспозициясы ашылды