07 қыркүйек 2017 Baq.kz 662

Атыраудың қасиетті нысандары туралы көркем фильм түсірілмек

Атыраудың қасиетті нысандары туралы көркем фильм түсірілмек Фото:

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Атырауда өткен «Sarayşiq.Upgrade 2017» халықаралық жастар форумында жас актер Санжар Мәдиев Атырау облысының қасиетті нысандары туралы көркем фильм түсіруді ұсынды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Форум аясында қатысушылар Атырау облысының қасиетті орындарына барды. «Қазақстанның киелі жерлер географиясына» енген Сарайшық қалашығына саяхат жасады.

«Бұл аядай жерінің өзі ата-баба тарихынан сыр шертетін ғажайып мекен. Сарайшық қалашығы жеті бірдей ханымыздың мәңгілік мекені, кинематографтар үшін өте қызықты орын. Мен осы жердің тарихы туралы көркем фильм түсірудің бастамашысы болар едім», – деді актер Санжар Мәдиев.

Форум қатысушыларымен кездесуде Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мұндай шараларды өткізудің жас мамандар үшін маңызды екенін айтты.

«Жастар үшін өз саласының білгірлерімен кездесу ой-өрістерінің кеңейіп, жаңа идеялармен шабыттануына жол ашады. Мұндай шаралар облыста жыл сайын дәстүрлі түрде өтеді. Мемлекет басшысы жастарды елдің қоғамдық өміріне тартудың маңызына әркез назар аударып келеді. Тәуелсіз Қазақстанның жас ұрпағы болашақ үшін қажет жақсы қасиеттерді бойларына сіңіріп өсулері керек», - деді аймақ басшысы.

Атырау облысы өңірлік коммуникация қызметінің хабарлауынша кинематография, экология, медицина сияқты үш бағытта өткен форумға жас режиссерлер, операторлар, дәрігерлер, экологтар, мемлекеттік қызметкерлер мен студенттерден құралған 150 делегат қатысты.

 

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Басқа жаңалықтар

23 сәуiр, 2019

«Ұшқын» кинофестивалі «жаңа» есімдерді танытады

23 сәуiр, 2019

Опера әншісі Назым Сағынтаймен сұхбат

23 сәуiр, 2019

«ALMATYTECHCUP» кубогы үшін робот техникасы және инновациялық технологиялар бойынша VI ашық чемпионатына келіңіздер!

23 сәуiр, 2019

ҰЛЫ ДАЛА ДИПЛОМАТИЯСЫНЫҢ ТАРИХЫ МЕН ДӘСТҮР ЖАЛҒАСТЫҒЫ