01 желтоқсан 2017 ruh.kz 270

Б. Санатов: Еліміз үшін маңызды міндет – рухани жаңғырып, тарихи сананы қалыптастыру

Б. Санатов: Еліміз үшін маңызды міндет – рухани жаңғырып, тарихи сананы қалыптастыру Фото: МО ІСБ

Елбасының «Рухани жаңғыру» жобасы аясында Мұрат Өскінбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық филармониясында Абыл Тарақұлы атындағы қазақ  оркестрінің «Байтақ далам» атты өнер кеші өтті.

«Жуырда ғана жаңа шығармашылық маусымының сахна шымылдығын түрген Мұрат Өскінбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы өз тыңдармандарына кезекті өнер кешін ұсынады. Біз – ұланғайыр жері мен аса бай рухани тарихы бар елміз. Бүгінгі таңдағы еліміз үшін маңызды міндет – рухани жаңғырып, тарихи сананы қалыптастыру. Жаңғырудың тамыры ата-бабаларымыз қорғап қалған осынау байтақ даламызда, ұлттық санамызда!» — деді жүргізуші Беркін Санатов концерттің ашылуында.

Жалпы, «музыканың жұмыс салдарынан пайда болған шаршағандықты ұмыттырып, өзіне баурап әкететін қасиеті болады. Ол – бізге осы жұмыстың зардабына шыдауға, төзуге көмек береді» деп Әл-Фараби айтқандай, көрермен қауым оркестрдің концертінен рухани ләззат алумен қатар мәдени тынығып қайтты.

«Концерт барысында оркестрдің орындауында Рахат Мәдреевтің «Айтшахан», Сыпыра жыраудың термесі Сәбит Шектібаевтың орындауында, Төлепберген Тоқжановтың «Көшпенділері» Кенжебек Аяғановтың орындауында, Абай Құнанбаевтың «Торжорға» күйі, Бақтыбайдың әуені оркестрдің орындауында, орыс халық әні «Очи черные» Асанәлі Көшеровтің, Базарбай Жұманиязовтың «Серпіні» оркестрдің орындауында, Шалмырзаның күйі «Ташауыз» Салтанат Оңайбайдың орындауында, Құрманғазының «Көк ала аты» республикалық дирижерлар байқауының бас жүлдегері Бауыржан Көбенғалиев дирижерлігімен оркестрдің орындауында, Рустам Ибадлаевтың «Народный танец» Жанна Қоңырбаеваның орындауында, Талғат Атшыбаевтың «Шалқымалы» әні ҚР мәдениет саласының үздігі Асқар Көшеровтің орындауында, Есір Айшуақұлының «Тоғыз түйеші» күйі, Өскінбайдың «Бұлбұл Ақжелең» күйі оркестрдің орындауында, Имре Кальманның «Принцесса цирка» опереттасынан «Выходная ария Теодоры» шығармасы халықаралық «Шабыт» фестивалінің дипломанты Шахаризада Сапарованың орындауында, Иоган Штраустың «Полька Тик-так» шығармасы оркестрдің орындауында, Сағынғали Нұрғожаевтың «Қазақстан» әні ҚР Мәдениет қайраткері Жоламан Көшкіновтың, Құрманғазының «Адай» күйі оркестрдің орындауында,  Абыл Тарақұлы атындағы қазақ оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Рахат Мәдіреевтің жетекшілігімен көпшілік  назарына ұсынылды», - деді ұйымдастырушылар.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Басқа жаңалықтар

22 мамыр, 2018

Отандасымыз 71-ші Канн фестивалінде үздік актриса атанды

18 мамыр, 2018

А.Жұбанов атындағы халық аспаптар оркестрі Мәскеу қаласында өнер көрсетті

11 мамыр, 2018

Қарағандыда I Халықаралық жыршы-жыраулар фестивалі өтті

27 сәуiр, 2018

Әміретану тың деректермен толықты