23 сәуiр 2018 ruh.kz 329

Балабақшалар цифрлық жүйеге көшеді

Балабақшалар цифрлық жүйеге көшеді Фото: bnews.kz

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында бәсекелестік қабілетті арттыру жайы сөз болғанда «Цифрлы Қазақстан» жобасы ерекше тілге тиек етіледі. Соған орай Павлодар қаласында тың бастамалар жасалуда.

Осы уақытқа дейін Павлодар қаласының тұрғындары бес жыл бұрын қолданысқа енген электронды кезекті пайдаланып келген. Енді ата-аналарға білім беру бөлімінен хабарлама ұялы телефондарына келеді. Яғни қаладағы балабақшалардың ортақ мәліметтер қор базасы жинақталады. Ал бос орындар туралы ақпарат пен электронды кезек автоматтандырылған жүйеде іске асады. Ең тиімдісі, ата-аналар баласына қолайлы балабақшаны өздері таңдайды. Ата-аналар баласын үйден шықпай-ақ электронды кезекке қоя алады. Бұл жаңашылдық топтағы жеткіншектердің санын реттеп, артық немесе кем болмауын қамтамасыз етеді. Қызмет көрсетудің мұндай су жаңа түрі «Смарт Павлодар» бағдарламасы бойынша барлық қала тұрғындары үшін қолжетімді болмақ.

Осы ретте жобаны әзірлеуші Сергей Голышев:

– Біз қазір республикалық мәліметтер базасына қосылу үшін аккредитациядан өтіп жатырмыз. Содан кейін ғана азаматтар біздің қызметімізді пайдалана алады. Жол картасы бойынша шамамен тамыз айына жоспарлап отырмыз, – деп сүйінші сұрады.

Ал, қалалық білім беру бөлімінің бас маманы Гүлбаршын Алтыбасарова:

– Жолдаманы код түрінде алады. Оның көмегімен ата-ана үш күн ішінде мектепке дейінгі мекемеге келіп кодты тіркеу керек. Бұл жобаның артықшылығы, білім беру бөлімі мен балабақша арасында ешқандай байланыс болмайды, – деді.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Басқа жаңалықтар

23 сәуiр, 2018

Оқушыларға домбыралар сыйға тартылды

23 сәуiр, 2018

Латын графикасын үйрететін курс ашылады

18 сәуiр, 2018

Латын әрпіне көшу – қазақ тілін дамыту мен жаңғырту жолы

08 сәуiр, 2018

Ақмолалық педагогтар латын қарпіне көшуге дайын