18 сәуiр 2018 ruh.kz 124

Қазақстанда тағы үш мемлекеттік қорық ашылады - Берік Әбдіғалиұлы

Қазақстанда тағы үш мемлекеттік қорық ашылады - Берік Әбдіғалиұлы Фото: ult.kz

"Қасиетті Қазақстан" ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Берік Әбдіғалиұлы жаңадан ашылатын үш мемлекеттік қорыққа қатысты арнайы қаулының шыққанын мәлімдеді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Осыған орай "Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру" бағдарламасы бойынша есеп беру кездесуінде Б.Әбдіғалиұлы:

"Бүгін сіздермен жақсы xабарды бөлісуді жөн көріп отырмын. Мәдениет және спорт министрлігінің ұсынысымен арнайы үш мемлекеттік қорық ашылғалы жатыр. Бұл мәселеге Президент Әкімшілігі қолдау білдірді. Бұған қатысты үкімет қаулысы да шықты. Сондықтан да бұл – Мемлекет басшысының тапсырмасы. Қорықтарды атап өтер болсам, бірінші қорық – Астананың маңайындағы Бозоқ. Бұл қорықты көп адам біле бермеуі мүмкін. Дегенмен, Астана бұл жерге кездейсоқ салынған жоқ. Ол – қазақ тариxында елеулі оқиғалар болған жер. Бозоқ соның бір дәлелі болса керек. Болашақта сол жерде үлкен музей мен визит-орталығы ашылады", – деді. 


Сонымен қатар, оның айтуынша, екінші қорық – Ботай. Бұл жерде адамзат баласы алғаш рет жылқы жануарын қолға үйреткен. Мұны әлем ғалымдары да мойындап отыр. Ал, үшіншісі – Сарайшық. Мұнда былтырдан бері Атырау облыстық әкімдігінің бастамасымен үлкен жөндеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Кезінде Қасым xандар елдің астанасын Ұлытаудан сол жерге апарған. Сөйтіп, Алтын Орданың мұрагері біз екенімізді нақтылап берді. Сондықтан Сарайшық – біз үшін үлкен геосаяси құндылық. Соны насиxаттап, келер ұрпаққа жеткізе білуіміз керек.

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Басқа жаңалықтар

15 мамыр, 2018

Шәкәрім мен Ахмет жолы «Рухани жаңғыру» тұсында қайта жаңғырды

24 сәуiр, 2018

Ақтөбеліктер 2018 жылы «Туған жерге тағзым» акциясы аясында 600-ден аса жобаны жүзеге асырмақ

20 сәуiр, 2018

«Алты Алаштың шайыры...» – Омар Шораяқұлына 140 жыл

20 сәуiр, 2018

«Қасиетті Қазақтан және археология» экспозициясы ашылды