04 желтоқсан 2017 Strategy2050.kz 2551

«Киелі Қазақстанның» барлық нысандары 3D-форматындағы виртуалды картаға енеді

«Киелі Қазақстанның» барлық нысандары 3D-форматындағы виртуалды картаға енеді Фото: ашық дереккөзден

«Киелі Қазақстанның» барлық нысандары 3Д форматындағы виртуалды картаға енеді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Үкімет отырысында мәлімдеді.

«Қазіргі таңда «Киелі Қазақстан» энциклопедициясының Басты томы шығарылды, «Киелі Қазақстан. Теориялық-методологиялық аспекттер» ұжымдық монографиясы және т.б. ғылыми еңбектер баспаға дайындалуда», - деді А.Мұхамедиұлы.  

2014 жылдан бастап барлығы 100-ден асамаңызды тарих және мәдениет ескерткіштері қалпына келтіріліп, реставрациялаудан өтті. Осы жұмыстардың барлығы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын жүзеге асырудың базасы болып табылады.

«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасының барлық нысандары көпфункциялы 3Д форматындағы виртуалды картаға енеді. Киелі орындар мол шоғырланған республикалық «Ұлытау», «Отырар», «Таңбалы» тарихи-мәдени музей-қорықтарының туристік тартымдылығын жақсарту мақсатында олардың Сапар орталықтарын салу бойынша жұмыстр жүргізілуде. Бұл Сапар орталықтар салу – әлемдік тәжірибеде бар», - деді министр.

Сондай-ақ,  туристерге қажетті барлық инфрақұрылымдар – кафе, сувенир дүкендері, шеберханалар, конференц залдар және т.б. жұмыс жасайды. Біздің міндетіміз –коворкинг орталықтары тәрізді ғылыми, білім беру, танымдық, демалыс орталықтарын құру.

«Сонымен бірге, Министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп Солтүстік және Батыс өңірлерде, Астана қаласында мәдени-туристіккластерді дамыту мақсатында «Бозоқ», «Ботай» және «Сарайшық» музей-қорықтарын құру жөнінде жұмыстар жүргізіп жатыр. Бұл ұйымдарды құру министрліктің бөлінген қаржысы есебінен жүзеге асады», - деді министр.

Сонымен қатар, ғалымдардың қатысуымен 6 бағыт бойынша Қазақстанның барлық өңірлеріне экспедициялар ұйымдастырылды. Бүгінгі таңда жалпыұлттық маңызы бар 100, жергілікті маңызы бар 500 киелі жердің Тізімдері жасалды және жүйеленді.

Ақбота Күзекбай 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Басқа жаңалықтар

29 мамыр, 2018

Ақмола облысында Абылай хан заманының қабір тастары табылды

25 сәуiр, 2018

Ескерткіш – көненің көзі, тарихтың өзі

25 сәуiр, 2018

Оңтүстіктің киелі орындары

11 сәуiр, 2018

Отырар тарихы: аңыз бен ақиқат