20 наурыз 2019 Ruh.kz 103

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВҚА «ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВҚА «ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ         Фото: Ғаламтор желісінен

Бүгін, 2019 жылдың 20 наурыз -  ел тарихында елеулі оқиға ретінде жылнамаға жазылды. 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Президент ретіндегі өкілеттілігін өз еркімен тоқтатты. Елді уақытша басқару міндеті Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа берілді. Осыған қатысты бүгін Астана қаласында Астана уақытымен сағат 12.00-де Қасым-Жомарт Тоқаев халық алдында ант беріп, ел тізгінін өз қолына алды.

Президент лауазымындағы Қ. Тоқаевтың жариялаған алғашқы Жарлығы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа «Халық қаһарманы» атағын беру және «Алтын қыран» орденімен марапаттау. Марапаттау рәсімінде Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасына алғыс білдіріп, оны «саяси ұстазым» деп атады.

Ruh.kz

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Басқа жаңалықтар

23 сәуiр, 2019

«Ұшқын» кинофестивалі «жаңа» есімдерді танытады

23 сәуiр, 2019

Опера әншісі Назым Сағынтаймен сұхбат

23 сәуiр, 2019

«ALMATYTECHCUP» кубогы үшін робот техникасы және инновациялық технологиялар бойынша VI ашық чемпионатына келіңіздер!

23 сәуiр, 2019

ҰЛЫ ДАЛА ДИПЛОМАТИЯСЫНЫҢ ТАРИХЫ МЕН ДӘСТҮР ЖАЛҒАСТЫҒЫ