Жаңалықтар

  • Оразғали Селтеев: 100 кітаппен тоқтап қалмауымыз керек

    ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Оразғали Селтеев «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асырылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған орталыққа сілтеме жасап.

    19 мамыр, 2018 ruh.kz 127
  • "Рухани жаңғыру" аясында кітапханашылар семинары өтті

    2018 жылдың 18-сәуірінде Қостанай қаласындағы Лев Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында Қостанай облысы кітапханаларының жұмысы» атты облыстық көлемдегі семинар өтті. 

    19 мамыр, 2018 ruh.kz 223
  • «Медиаэтика» кітабы қандай бағыттарды қамтиды?

    "100 жаңа оқулық" бағыты аясында аударылған кітап студенттер мен жас мамандарға бұқаралық ақпарат құралдары саласында кездесетін этикалық мәселелерді шешу жолдарын көрсетуге арналған. Еңбекке жарнама, жаңалықтар, қоғамдық қатынастар саласында жұмыс істейтін жас мамандар тап болған күрделі мәселелер мен шынайы оқиғалар арқау болған. Әрбір жағдаят кеңінен баяндалып, қатысушылар әрекеті арқылы жан-жақты ашылып көрсетіледі. 

    19 мамыр, 2018 ruh.kz 89
  • «Антика философиясы» кітабының маңызы қандай?

    Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі “100 жаңа оқулық” бағыты аясында әлемнің үздік деп саналатын 102 кітабын қазақ тіліне түпнұсқадан тәржімалауға жол берілді. Осыдан кейін арнайы Ұлттық аударма бюросы құрылып, еліміздегі білікті мамандардың басы біріктірілді. Бір жылдай уақыт ішінде білікті мамандар таңдалған еңбектерді түпнұсқадағы тілден қазақшаға тікелей аударды. Осылайша міндеттелген 100 кітаптың 18-і қолданысқа дайын болып, еліміздегі жоғары оқу орындарына таратылды. Ал қазір 30 оқулық бойынша аударма үдерісі жүріп жатыр.  

    18 мамыр, 2018 ruh.kz 171
  • Заманауи адамның көзқарасы қандай болу керек?

    Жер бетінде қанша адам болса, сонша пікір, сонша көзқарас бар. Өткен дәуірлерде діни көзқарастың қоғамда басымдық алғанын да білеміз. Беріде жеке басқа табынушылық көзқарас қалыптасты қоғамда. Қазіргі әлемдік даму көші бағытындағы көзқарас ғылымға негізделген. Діни және ғылыми көзқарастардың арасында кереғарлық туындамайды ма? Заманауи жетілген адамның көзқарасы қандай бағытта болуы тиіс? Біз осы сұрақтардың жауабын Кен Уилбер жасаған ақылдылық деңгейі бағытындағы жазбаларынан тапқандай болдық. Расында «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаланың аясында сана жаңғырту жолында келе жатқан ұлт азаматтарының қандай көзқарас ұстанғаны жөн? Әрі қарай оқыңыз.

    18 мамыр, 2018 ruh.kz 82
  • А.Жұбанов атындағы халық аспаптар оркестрі Мәскеу қаласында өнер көрсетті

    Мемлекеттік үлкен маңызы бар «Рухани жаңғыру» үдерісі күн санап дамып, алға жылжып келеді. Әсіресе, осы бағдарламаның «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» бөлімі аясында еліміздің мәдениеті әлемге кеңінен танылуда.

    18 мамыр, 2018 ruh.kz 258
  • Жамбыл облысындағы киелі жерлер туралы көп томды энциклопедия жазылмақ

    Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Қазақстанның киелі жерлері» бөлімі аясында көптеген тындырымды істер атқарылуда. Соның бір дәлелі ретінде, Жамбыл облысында жалпы құны 817 миллион теңге болатын 23 нысан пайдалануға берілді. Сонымен қатар, бұл өңірдегі киелі жерлер туралы көп томды энциклопедия жазылу қолға алынуда.

    18 мамыр, 2018 ruh.kz 157
  • Қызылорда облысында цифрлық форматтағы алғашқы олимпиада өтті

    Қармақшы ауданы, Ақжар ауылдық округіндегі №28 орта мектебінде «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының "Білім және тәрбие" бағыты аясында цифрландыру технологиясы бойынша білім саласының ардагері Сәден Нұртаев атындағы Қазақстан тарихы пәнінен сандық форматтағы облыстық олимпиада тұңғыш рет өтті. 

    16 мамыр, 2018 Ruh.kz 573
  • Ақылдылық деңгейі дегеніміз не?

    Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жариялағалы бері бірнеше бағыттар жасалып, толықтырылып, халық игілігі үшін жұмыс жасауда. Ақыл-ой, ерік-сана секілді адами қажеттіліктерді дамытып, барлық іс-әрекетті өзіндік жігермен басқару міндеттелді. Осы арқылы азаматтардың деңгейі, содан кейін қоғамның деңгейі өсіп, бәсекеге қабілеттілік артып, білім салтанат құрмақ. Бұл – бір. Екіншіден, біз жасауға талпынып келе жатқан қоғамда әрбір адам өз ісінен ләззат ала білуі қажет. Сондай-ақ, интеллектуалды ойлау дәрежесін өсіру де күн тәртібіндегі мәселелердің бірегейі. Адам санасын, адам руханиятын тазарту үшін оның ми сауытында сіңісті болып, туылғанынан бастап қалыптасқан қажетсіз қағидаларды жоғалту керек.

    16 мамыр, 2018 ruh.kz 83
  • «Тәңірді танудағы талпыныс»

    «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударылған әлемдік әдебиеттің бірі – ағылшын дінтанушысы Карен Армстронгтың «Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны» атты еңбегі қазақ тіліне аударылғаны мәлім. Әлемнің 40-қа жуық тіліне аударылған бұл кітаптың дінді әлеуметтік құбылыс ретінде зерттейтін мамандарға, монотеизмнің мәнін дін философиясы тұрғысынан танығысы келетін оқырмандарға берері мол.

    15 мамыр, 2018 ruh.kz 323
1 2 ... 26 27 28 29 30 31 32 ... 99 100
Другие новости
04 желтоқсан 2017
«Киелі Қазақстанның» барлық нысандары 3D-форматындағы виртуалды картаға енеді
04 желтоқсан 2017
Қазақстанда елорданың 20-жылдығына арналған қандай шаралар өтеді
05 желтоқсан 2017
Францияда қазақ диаспорасы өкілдерімен кездесу өтті
04 желтоқсан 2017
"Астана дарыны - 2017" жастар сыйлығының иегерлері анықталды (ВИДЕО)