Жақсылық Үшкемпіровке ескерткіш қойылды

Бүгін Елордада Жекпе-жек сарайының алдында қазақтың даңқты палуаны, Олимпиада чемпионы, КСРО-ның екі дүркін жеңімпазы Жақсылық Үшкемпіровтің ескерткіші ашылды.

Ашылу салтанатына Мәдениет және спорт министрі, қалалық әкімдік өкілдері, спортшылар мен Жақсылық Үшкемпіровтың жақындары қатысты.

Жақсылық Әмірәліұлы көп жылдар бойы елімізде отандық спорттың дамуына баға жетпес үлес қосты. Ол өскелең ұрпақты Отанына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, көптеген таланттарды ашты, көптеген игі істердің жетекшісі болды.

Жақсылық Үшкемпіров спорттағы жетістігінен өзге мал шаруашылығын дамытып, бір ауылға шарапатын тигізіп, талай жасты жұмыспен қамтыған азамат.

Еске салайық, 2019 жылы ашылған Жекпе-жек сарайына былтырғы жылдың желтоқсан айында Жақсылық ағамыздың есімі берілген еді.