Турист күнделігі: Ақтөбе

Ақтөбе – Батыс Қазақстан өңірінің ең ірі қаласы. Химия, тамақ өнеркәсібі дамыған қала. Бүгінде футбол құрамасы және футбол жанкүйерлерімен танымал Ақтөбеге қалай барамыз, қайда тұрақтап, қандай көрнекі жерлерін көреміз, бастысы оған қанша шығын кететінін саралаймыз.

Ақтөбе – Батыс Қазақстан өңірінің ең ірі қаласы. Химия, тамақ өнеркәсібі дамыған қала. Бүгінде футбол құрамасы және футбол жанкүйерлерімен танымал Ақтөбеге қалай барамыз, қайда тұрақтап, қандай көрнекі жерлерін көреміз, бастысы оған қанша шығын кететінін саралаймыз.

Ақтөбе Елек өзенінің сол жағалауында орналасқан. Қала тарихы Ресей империясының 1869 жылы Ақтөбе әскери бекінісін қалауынан бастау алады. Бекініс ақ төбелердің арасында орналасқандықтан, қала «Ақтөбе» деп аталып кеткен.

Қалаға қалай жетуге болады?

Қалаға автобус, пойыз, ұшақ және жеке көлігіңізбен де жетуге болады. Мұның бәрі сіздің жеке қалауыңыз бен жағдайыңызға байланысты.

Ұшақ билетінің құны, ұшу күндеріне және рейс түрлеріне қатысты, әртүрлі болуы мүмкін. Орташа билет құны:

Алматы-Ақтөбе – 25-50 мың теңге;

Нұр-Сұлтан-Ақтөбе – 11-30 мың теңге;

Шымкент-Ақтөбе – 30-40 мың теңге.

Әуежай қала орталығына (Әбілқайыр хан даңғылы) жақын жерде орналасқан. Орталыққа такси немесе қоғамдық көлікпен жетуге болады. Такси арқылы межелеген жерге 15 минутта жете аласыз. Әуежайдағы таксистер туристерден тым көп баға сұрайды, сол себепті Indriver, Яндекс Такси мен Qala Taxi қызметін қолданғаныңыз жөн. Бұл кезде баға шамамен 700-1000 теңгені құрайды. Қоғамдық көлікпен барғыңыз келсе, әуежайдан №8 және №48 автобустармен 20-25 минутта жетуге болады. Автобус бағасы автобус картасымен 80 теңге, қолма-қол төлем 150 теңге.

Пойызбен жол жүрем десеңіз, жүру кестесімен таныс болу керек. Пойыз билетінің орташа құны:

Алматы-Ақтөбе – 9000 теңге (плацкарт), купе –15000 теңге.

Нұр-Сұлтан-Ақтөбе – 6000 теңге (плацкарт), купе – 10000 теңге.

Шымкент-Ақтөбе – 7000 теңге (плацкарт), купе – 12000 теңге.

Вокзалдан қала орталығына дейінгі қашықтық 7,5 км, оған таксимен немесе автобуспен жете аласыз. Автобуспен орталыққа бару уақыты - 25 минут, таксимен - 15 минут. Вокзалдан жүретін автобустар өте көп, межелеген жеріңізге қай автобуспен жетуге болатынын сұрастырып, автобус жүргізушілерінен біле аласыз.  Ал такси бағасы шамамен 400-500  теңге.

Қайда орналасамыз?

Ақтөбедегі ең үздік қонақ үй – 4 жұлдызды «Дастан» қонақ үйі. 1 күнге тұрақтау шамамен 26 000 теңгені құрайды. Ол қала орталығы – 11 мөлтек ауданында орналасқан. Осындай люкс қонақ үйлерінің мысалы ретінде 3 жұлдызды «Ibis hotel» (23 000 теңге), «Амстердам» (30 000 теңге), «Тұмар» (28 000 теңге) қонақ үйлерін айтуға болады

Орташа бағадағы қонақ үй іздесеңіз, «ACE» (18 000 теңге), «Фламинго» (16 000 теңге), «Илек» (7500 теңге), «Жомартқа» (15 000 теңге) баруыңызға болады.

Ақтөбедегі хостелдер бағасы шамамен 5000-9000 теңге. Сізге «Viktoria Hostel», «Hostel Fresh», «Nice Hostel»-ді ұсына аламыз.

Көрнекі жерлері:

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайы – Қазақстан Республикасының ірі мәдени-насихаттық және зерттеу орталықтарының бірі. Ы.Алтынсарин көшесінде орналасқан. 1929 жылы құрылды. Қазір мұражайда XIX-XX ғасырлардағы аймақ тарихына арналған экспозициялар немесе Екінші дүниежүзілік соғыс, ғұндар көсемінің үйіндісінен табылған тұрмыстық заттар, қару-жарақ пен зергерлік бұйымдар, т.б экспозициялар бар. Кіру бағасы – 200 теңге.

Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармония 1944 жылы ашылып, 1998 жылы оған белгілі мәдениет қайраткері Ғ.Жұбанованың есімі берілген. Филармония ішінде барлығы жоғары деңгейде жабдықталған: 400 адамға арналған кең зал, заманауи жарық және дыбыс қондырғыларымен жабдықталған сахна.

Тахауи Ахтанов атындағы драма театры 1935 жылы музыкалық театр болып ашылған. 1997 жылы Тахауи Ахтанов аты берілді.

Әлия Молдағұлова атындағы мемориалдық мұражайы – Ақтөбе қаласының мәдени көрікті жерлерінің бірі. Кіру тегін.

Ақтөбе облыстық планетарийі – Қазақстан Республикасындағы бірінші және ұзақ уақыт бойы, жалғыз стационарлық планетарий болды. Онда аспан әлемін  қызықтай аласыз.

Бірлік пен келісім бульвары – Ақтөбе қаласының дәл орталығында орналасқан. Бұл бульвар «Әлемдік діндердің рухани бірігуі мен қоғамдағы толеранттылықтың» символы болып табылады. Бульвар жанында Бірінші президент саябағы бар.ф