ЮНЕСКО тізіміне кірген қазақтың мәдени құндылықтары

ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі 2003 жылғы Конвенциясы осы нәзік мұраны сақтап қалуға, оның өміршеңдігін қамтамасыз етуге және тұрақты даму әлеуеті үшін жағдай жасауға негізделген.

Қазақтың дәстүрлі күй өнері. Күй рухани және эмоционалды шығармалар арқылы адамдарды тарихи тамырымен, дәстүрімен байланыстыруға бағытталған.

Қазақ пен қырғыздың киіз үй дайындаудағы дәстүрлі білімдері мен дағдылары. Киіз үй жасау қолөнершілер қауымдастығын біріктіріп, жалпы адамзаттық құндылықтарды, ынтымақтастық пен шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытады.

Айтыс. Ең жоғарғы музыкалық шеберлік, ритм, өзіндік ерекшелік пен тапқырлық сынға түсетін байқау түрі.  

Қатырма нан жасау өнері. Ұрпақтан ұрпаққа берілетін тәжірибе қонақжайлылықты, ынтымақтастықты білдіреді.

Қазақ күресі. Күш пен әдіс тең бағаланатын ұлттық спорттық ойын.

Наурыз мерекесі. Көктем шығып, мал төлдейтін керемет маусымның басындағы амандық-саулық сұрасуды, бата алуды негіздеген ұлттық мереке.  

Құсбегілік. Саятшылық өнері. Құс баптау, аңға салу үрдісі. Жаттықтыру мәдениеті.  

Асық ату. Асық ату ойындары – балалық шақтың символы.  

Қазақ жылқы өсірушілерінің көктемгі мерекелік салт-дәстүрлері. «Бие байлау», «Қымызмұрындық» рәсімдерінен басталатын көптеген салт үндестігі.

Қорқыт Ата: эпикалық мәдениет, халық аңыз әңгімелері және әуендері. Батырлық жырлар, әңгімелер мен ертегілер және халық ауыз әдебиетіне негізделген 13 дәстүрлі музыкалық композиция.  

Тоғызқұмалақ. Тоғызқұмалақ – интеллектуалды, стратегиялық дәстүрлі ойын. Жақында мүдделі қауымдастықтар ойынды үйренуге немесе ойнауға арналған мобильді қосымша әзірледі.