Әбдікәрімов Шаһизада

16.09.1957, Қызылорда облысы

Ақын, журналист. 

Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты

«Гладиатор» өлеңдер жинағы ақынның көркемдік қарымын кең көлемде танытады. Мұнда автордың әбден дараланған жазу өрнегі де, тың үрдістерге иек артқан жаңа тәжірибелері де мол қамтылған. Жинақта автопсихологиялық жырлар көп болғандықтан, автор өмірінен, тағдырынан хабар берерлік танымдық айғақтар да аз емес. Шәһизада Әбдікәрімов – қазақ поэзиясына соны леппен келген арқалы ақын. Оның лирикасы күрделі ұйқасқа, дыбыс әуезділігіне, тың образдарға, жаңа тілдік қолданыстарға, архаизмдерге бай бола тұра қарапайым көрінеді, жеңіл қабылданады. Бойын жасырған тұлпар тектес өлеңдері оқырманға өз  «мүлкіндей» етене жақындық сыйлайды. Ш.Әбдікәрімов жырларында қазақы ауылдың көпке таныс ортасы, дүние жүзі халықтары тарихынан дерек алған көпке бейтаныс әлем де кезектесе бейнеленеді. Бұдан автордың жазу машығына ғана емес, таным көгжиеген кеңейтуге де бас мән беретіні аңғарылады.

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора

  • «Гладиатор» Сборник стихотворений