Айтхожина Марфуға

Литература

25.08.1936, ҚХР, Құлжа

Ақын

ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

«Аңсау» өлеңдер жинағына енген өлеңдері тақырыптық-идеялық, көркемдік-бейнелілік тұрғысынан 80-90 жылдардағы санадағы жаңғыруларды сипаттайды. Марфуға өлеңдерінің өрнектік ерекшеліктері елеулі. Туған жер, әйел-ана сезімі, отан мен тарих, тағдыр мен сын сағаты т.б. тақырыптағы шығармалары ішкі мазмұнымен, суреттілігімен, бейнелілік мәнімен ғана емес, айтылу қалпы, бейне үйлесімділігімен де оқырманға әсер етеді. Автордың туындыларындағы идея мәнін бейне мен кестелі тілі толықтыра түседі. Әсіресе елге деген сағыныш пен құрмет сипаты, намыс пен жауапкершілік сезімдері қатар өріледі. Оның өлеңдері оқырман қауымға тілге жеңілдігімен, сыршылдығымен жақын. Марфуға Айтқожина – қазақтың жыр аққуы атанған ақын қызы. Ұлт қыздар поэзиясына өзіндік леп әкелген оның өлеңдері тақырыптық-көркемдік жүйесі, экспрессивтік-эмоционалдық сипаты жағынан дәстүр мен жаңаруды қатар ұстайды.

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора

  • Сборник стихов «Аңсау» 
Прежде, чем отдать голос за кандидата, необходимо авторизоваться.
Электронный адрес должен быть в доменной зоне google, yandex, mail.ru.
Введите вашу электронную почту. Инструкции придут на указанный адрес