Ақсұңқарұлы Серік

Литература

29.03.1950, Қарағанды обл.

Ақын

Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері

«Адам-Ата – Һауа Ана» поэзиялық жинағындағы өлеңдер мен поэма-трагедиясына өршіл жігер мен қайратты жанитын қайсар рух тән. Ұлттық рух пен адамзаттық рухани құндылықтарды өзек еткен ақын гуманизмді асқақ тұтып, Алаш жасампаздығын жырлайды. Қайталанбас абадан тұлғалар мен руханият қаракөктерінің миссиясын санамызда жаңғыртып, көк түріктер заманына бастап қазіргі тәуелсіздікке дейінгі аралықтағы шерлі шежіремізді көркем тілмен бейнелейді. Өркениет барынша қарыштап дамыған ұшқыр зда ұтқыр аманда ұлттық болмыс пен рухты, адами қасиеттер мен парасат биігіндегі тұғырымызды асқақтататын киемізді сақтап қалуды ой безбеніне салады. Серік Ақсұңқарұлы – қазақ әдебиетінің айтулы да адуынды тұлғасы. Ақын «Жиырмасыншы ғасырдың жиырма сәті», «Жезтасқын», «Қызыларай», «Ғасыр кардиограммасы», «Адам-Ата - Хауа Ана», «Төбемнен жауһар жауып тұр», «Өмір деген - күнді айналу», «Қараорман» жыр жинақтарымен қазақ поэзиясының көркемдік дамуына зор үлесін қосты.

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора

  • Сборник стихов «Адам-Ата – Хауа Ана» 
Прежде, чем отдать голос за кандидата, необходимо авторизоваться.
Электронный адрес должен быть в доменной зоне google, yandex, mail.ru.
Введите вашу электронную почту. Инструкции придут на указанный адрес