Әшімжан Жанарбек

Литература

01.04.1976,

Алматы обл.

Ақын, журналист

Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты

Жанарбек Әшімжан – «Жұлдыз ақса, бетіңізді сипаңыз, Аққан жұлдыз ақын болып жүрмесін», – дейтін өлеңімен өткен ғасырдағы 90-жылдардың ортасында әдебиет есігін ашқан ақын. Оның жырлары тың серпінге, сезімге толы. 

Жанарбек поэзиясындағы әке тақырыбы -қазіргі әдебиетіміз үшін үлкен олжа. Ол әке образы арқылы рухты ұрпақтың қалыптасуына күш жұмсап келе жатқан жаңаша ақындардың бірі. Автор бұл тақырыпты шығармашылық мұратына айналдыру  жолында  тер төгіп келеді.  Оның өлеңдері әріптестері тарапынан лайықты бағасын алды.

 «Қылбырау» атты жинағы әдеби ортада серпіліс тудырып, халықаралық бәйгеде топ жарғаны көпшілікке аян. Ол өлеңде үндіс халқының қасіретті тағдыры баяндалған. Автор осы шығармасында үндіс халқының тағдыры өзге халықтың басында қайталанбауын мұрат тұтқан.

Бұл – ұлтын сүйген ақынның жүрекжарды сөзі. Ж.Әшімжан - ақын-жазушылар қауымының үйлесімін, ұлтқа және Отанға адалдығын жете насихаттап жүрген азамат. 

 

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора

Прежде, чем отдать голос за кандидата, необходимо авторизоваться.
Электронный адрес должен быть в доменной зоне google, yandex, mail.ru.
Введите вашу электронную почту. Инструкции придут на указанный адрес