Бабажанұлы Бауыржан

Литература

21.03.1969, Қарақалпақстан, ӨР

Ақын, журналист. 

«Уәде» өлеңдер жинағына ақынның заман құбылыстарын, уақыт көшін тамыршыдай тап басатын сезімталдықпен жазған жырлары енген. Ақынның тілі архаизмдерден ада, оқуға жеңіл, жүрекке жылы тиетін жырлар. Оның ерекшелігі – қандай бір күрделі ұғымды да қазақ жанына жақын етіп қорыта білетіндігінде. Ақын Бауыржан Бабажанұлы - өлеңнің қазақ бояуын бұзбай, қарапайым әрі шешен жазатын ақын. Ол сөз іздеп, оны жамап-жасқап жатпайды, сөздің өзі табиғи түрде құйылып жатады. Яғни қазақы стихиялық мінез. Қай өлеңін оқысаңыз да, одан көкірек сарайыңды ашып жіберетін даланың аңқылдаған желі есіп, нөсерден кейінгі жусанның кермек иісі бұрқырап қоя береді. Ақынның өлеңдеріне туындыларға Жаратушы - адам - табиғат - қоғам арасындағы жарасым мен жаңсақтыққа толы күрделі қарым-қатынасты сан қырынан саралай суреттейтін бедерлі тіл мен бейнелі ой тән. 

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора

  • Сборник стихотворений «Уәде» 
Прежде, чем отдать голос за кандидата, необходимо авторизоваться.
Электронный адрес должен быть в доменной зоне google, yandex, mail.ru.
Введите вашу электронную почту. Инструкции придут на указанный адрес