Бегалыұлы Нармахан

Литература

03.09.1943, Оңтүстік Қазақстан обл.

Ақын, аудармашы, журналист

К.Симонов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты

«Жиде жұпар шашқанда» өлеңдер жинағында үмітін соғыс өрті шалған жесір ана тағдырын, соғыстан қайтпаған жас боздақтар қасіретін, туған жердің шексіз құштарлықты оятқан тылсым табиғатын ешкімге ұқсамас қолтаңбамен жырланған туындылар қамтылған. Мұнда ақыннның өзіне ғана тән қолтаңбасын танытарлық өлеңдер мол. Нармахан Бегалыұлы – нәзік сыршыл ақын, көптеген көркем туындылар мен танымдық еңбектерді қазақшалаған шебер аудармашы, қарымды журналист. Ол – аймақтық әдебиеттің дамуына айрықша үлес қосып келе жатқан айтулы қаламгерлердің бірі. Н.Бегалыұлының өлеңдерінде туған жердің табиғаты өзгеше құлшыныспен жырланады. Сондай-ақ ақын өзінің балалық шағында бар қиындығы мен ауыртпалығын сезген соғыс зардаптарын, қилы адам тағдырын да өлеңмен өрнектеген. Табиғатты, қоршаған ортаны, тіпті абстактілі ұғымдарды адамиландырып, жандандырып беру – ақын лирикасының ең басты ерекшеліктерінің бірі. Н.Бегалыұлы – ұлттық сөз өнеріне көптеген тың тілдік образдар мен тосын қолданыстар әкелген жаңалығы мол сөз шебері.

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора

  • «Жиде жұпар шашқанда» Стихи 
Прежде, чем отдать голос за кандидата, необходимо авторизоваться.
Электронный адрес должен быть в доменной зоне google, yandex, mail.ru.
Введите вашу электронную почту. Инструкции придут на указанный адрес