Бегманов Қасымхан

Литература

04.08.1958, Оңтүстік Қазақстан обл.

Ақын

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері,

Қазақстанның  еңбек сіңірген қайраткері

«Ақ жаңбырлар әуені» таңдамалысы -ақынның тегеурінді ұстанымын, адами парасатын ел және зиялылық танымымен ұштастыратын жинақ. Қасымхан Бегманов – қазіргі қазақ поэзиясында өзіндік үні бар, есімі оқырманға танымал ақын. Студенттік шақта жарық көрген тұңғыш жыр жинағы “Бастаудан” бері ақынның қилы тарих, бүгінгі өмір, туған жер, ана тілі, ел тағдыры, ұлттық болмыс, салт-дәстүр жайлы   «Қарашық», «Бесіктен бейітке дейін», «Сағыныш», «Ол көктем оралмайды», «Менің Түркістаным» жыр жинақтары жарияланды. Автор бір сұхбатында: «Ұлтқа қызмет ету дегеніміз – өлең жазумен шектелмейді, осыны жастар ұғынуы керек. Поэзия деген – көбіне жастыққа тән. Мен әлем поэзиясының жауһарларын түгел оқыдым. Өлең жазу дегеніміз – білім жарыстыру емес. Кейбір жастардың оқығаны көп, бірақ шығармасында ештеңе жоқ. Өте өкінішті. Оқыған-тоқығаның шығармаңда әсер етпегеннен кейін, ол өлең халықты да толқыта алмайды» дейді.

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора

  • Сборник стихов «Ақ жаңбырлар әуені»
Прежде, чем отдать голос за кандидата, необходимо авторизоваться.
Электронный адрес должен быть в доменной зоне google, yandex, mail.ru.
Введите вашу электронную почту. Инструкции придут на указанный адрес