Бейсенбекұлы Дархан

Литература

07.11.1984, Алматы обл.

Жазушы

Халықаралық «Шабыт» фестивалінің және «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты

«Қылтұсау» романы  жастар өмірінің айнасы іспеттес. Романда оқиға желісі Америка мен Қазақ жеріндегі жастардың өмірлерінен бастау алып, олардың сезімдері, жастық шаққа тән қиыншылық пен тәуекелге бас тігер тайғақ кешулері һәм тағдырлары бір-бірімен байланысып, бір арнада қабысады. Қылтұсау - жастар өмірінің лабиринті, жастық шақтың тұсалуы, жас ғұмырдың қыл үстінде тұруы іспеттес. Дархан Бейсенбекұлы – қазіргі қазақ прозасында есімі танылып келе жатқан жас жазушы. Әңгімелері республикалық мерзімді баспасөз бетінде жарияланып тұрады. «Тағдыр тақтасы», «Әулиеағаш жапырағындағы жас» кітаптарының авторы. «Жас толқын 1», «Кәусәр бұлақ», «Қарақат тере барғанда», «Жанартау» жинақтарына әңгімелері енген. Халықаралық «Дарабоз» бәйгесіне, 2009 жылғы «Жыл патриоты» конкурсына («Әдебиет» номинациясы) ұсынған туындылары әдеби ортада жоғары бағаланды.

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора

  • Роман «Қылтұсау»      
Прежде, чем отдать голос за кандидата, необходимо авторизоваться.
Электронный адрес должен быть в доменной зоне google, yandex, mail.ru.
Введите вашу электронную почту. Инструкции придут на указанный адрес