Бөкей Оралхан

23.09.1943жыл, Шығыс Қазақстан обл. – 1993 жыл, Орал қаласы

Жазушы, драматург, журналист.

ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

ҚР Жастары сыйлығының лауреаты

Жазушы шығармаларында ерекше ырғақ, айрықша бояу бар. Жазушының әрқайсысы бір-бір жұмбақ әлем болған кейіпкерлері имансыздық пен рухани жұтандық жайлаған қоғамнан безінген тұста ішкі үйлесімді табиғаттан табады. Жинағына бірнеше повесі енген. «Бәрі де майдан» повесі екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі тыл өміріне арналған. Жазушының жинаққа кірген көлемді дүниесі - «Біздің жақта қыс ұзақ» атты екі повесть. Мұның біріншісі - «Сайтан көпір» деп аталады. Автор бұл шығармасында өмір, тіршілік жайлы философиялық терең толғамдарға барады. Ал екінші повесть – «Қар қызы» бұрын шағын көлеммен жарияланған. Автор осы шығармасына қайта оралып, оған көптеген жаңа оқиғалар қосып, кеңейтіп ұсынған. Архитекторлар өмірінен жазылған «Жетім бота» повесінде адамның қайта оралмас жастық шағына деген сағынышы, жүрек тебірінісі, рухани бастауға деген іңкәрлігі суреттелген.

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора