Елубай Смағұл

Литература

09.03.1947, Түрікменстан Республикасы

Жазушы

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

«Ақ боз үй» роман-трилогиясы ерекше мазмұнымен, көркем құрылымымен көзге түседі. Жазушы кеңес кезінде ашаршылыққа ұшыраған халықтың хал-ахуалын, «асыра сілтеудің» елге әкелген зардабын шебер суреттеп, ел басқарып отырғандардың жағымсыз қылықтарын, пасықтығы мен әділетсіздіктерін әшкерелей жазады. «Ақ боз үй» - нәубетті заманның шындығын арқау еткен қазақ әдебиетіндегі айрықша роман. Жалпы, «Ақ боз үй» трилогиясы – ашаршылық, сталиндік қуғын-сүргін, тоқырау заманын бейнелеген қазақ әдебиетіндегі ең ірі көркем туындылардың бірі. Романға кеңестік кезеңдегі ұлттың ақтаңдақ тағдыры, айтылмаған тарихы арқау болған. Өткен ғасырдың 30-жылдарындағы ашаршылық зардаптары, кәмпеске кезіндегі қуғын-сүргін оқиғалары кеңінен әңгімеленеді.

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора

  • Роман «Ақ боз үй» 
Прежде, чем отдать голос за кандидата, необходимо авторизоваться.
Электронный адрес должен быть в доменной зоне google, yandex, mail.ru.
Введите вашу электронную почту. Инструкции придут на указанный адрес