Қабдолов Зейнолла

Литература

12.12.1927, Гурьев обл. – 25.08.2006, Алматы

Әдебиеттанушы,жазушы

ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

«Менің Әуезовым». Роман

 

Сөз өнерінің білгірі, оқымысты-педагог, жазушы, академик Зейнолла Қабдоловтың ұлттың ұлы перзенті Мұхтар Әуезов жайындағы «Менің Әуезовым» эссе-романында заңғар жазушының адамдық болмысын, ұстаздық өнегесін, шешендік қабілетін, суреткерлік қолтаңбасын, шығармашылық зертханасын, көркемдік ой-санасын, тіл шеберлігін, ғұмырнамасын боямасыз суреттеген. Негізінде, М.Әуезовтің әдеби-шығармашылық еңбегін, драматургиядағы шеберлігін, «Абай жолы» роман-эпопеясының халық тарихының энциклопедиясы екенін, Абайдың лирикалық, ақындық тұлғасы жөніндегі ой-пікірлерін көсілте сөйлетеді.

З.Қабдоловтың «Ұшқын», «Жалын» романдары, «Арна», «Көзқарас» атты сын-зерттеу кітаптары және жоғары оқу орнына арналған «Сөз өнері» оқулығы Қазақстандағы тәуелсіздік рухын қалыптастыруға өлшеусіз үлес қосты.

 

 

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора

  •  Роман «Менің Әуезовым»