Кекілбайұлы Әбіш

Литература

06.12.1939, Маңғыстау обл. – 11.12.2015, Астана

Жазушы,

мемлекет және қоғам қайраткері

Қазақстанның Еңбек ері,

ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

«Үркер» , «Елең-алаң» романдары - қазақ көркем прозасында, ұлтымыздың әдеби-мәдени тарихында ерекше орын алатын Әбіш Кекілбайұлы шығармашылығы – уақыт өткен сайын құндылығы арта беретін қымбат рухани мұра.  Қаламгер  туралы сөз еткенде ең алдымен оның қазақ мәдениеті мен әдебиетіндегі өлшеусіз еңбегі айтылары заңды. Әлем әдебиетімен иық теңестіріп, қатар тұрар үздік көркем проза үлгілерін тудыру – жазушы еншісіне бұйырған олжа. “Үркер”, “Елең-алаң” атты тарихи романдары тек тарихи шежіре емес, өткен тарихты бүгінгі қоғам үрдісімен, ұлт мүддесімен астастыра бейнелеп,  бостандық рухы мен өркениеттің өшпес құндылықтарын алтын өзегіне айналуымен де құнды. Әйгілі жазушының бұл романдары тәуелсіздік рухына қызмет еткен, әдебиетіміздің алтын қорына енетін туындылар. 

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора

  • Повесть «Ханша-Дария хикаясы»