Қирабаев Серік Смайылұлы

Литература

23.03.1927, Қарағанды обл.

әдебиетші,сыншы,ҰҒА академигі

ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері

«Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет». Зерттеу мен мақалалар

 

Серік Қирабаев – қазақ әдебиеттануы мен сынының аса көрнекті өкілі. Оның «Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет» атты зерттеу кітабы егемендік жылдардағы отандық әдебиеттанудың жаңаша әдіснамасын, бағдарын айқындап берді.

1988 жылдан басталған әдебиет ақтаңдақтарын қайта қалпына келтіру мен Абай Құнанбайұлының классикалық академиялық жинағын даярлау, ХІХ-ХХ ғасыр тұлғалары мұрасын жаңаша бажайлау, кеңес әдебиетіне тың көзқарас, «Мәдени мұраны»  ғылым шартымен талдап-талдау – академик С.Қирабаев зерттеуінің алтын арқауы. Ғалым тұжырымдамасы: көркем әдебиет – үзіліссіз және табиғи үдеріс, қаламгер мен көркем туынды – замана айнасы, әдебиеттанудың міндеті – субъективизмге, таптаурындыққа ұрынбай, ақын-жазушы мұрасын адамзат құндылығы ретінде таныту.

С.Қирабаев Абайдың 150 жылдық мерейтойы қарсаңында ақын мұрасы текстологиясын әзірлеп, жариялау ісін және Алаш қаламгерлері еңбектерін іздестіру, жүйелеу, басу шарасын басқарды. Аталған еңбекке осыған байланысты ғылым тұжырымдамалар да енген.

Академик С.Қирабаев - тәуелсіздік жылдарындағы әдебиет, мәдениет дамуына сындарлы пікір білдіріп келе жатқан әдебиеттану ақсақалы.

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора

  •  Исследования и статьи «Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет»