Қорғасбек Жүсіпбек

Литература

03.02.1961, Алматы обл.

Жазушы, киносценарист

«Тарлан-Үміт» сыйлығының  иегері,

Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері

«Үлпілдек» роман-тәмсілі жаңа заманға бейімделе алмағандықтан қиындық кешкен жандардың жан күйзелісін, шырғалаңға түскен тағдырын арқау еткен. Дәуір шындығын мол қамтыған бұл туындыда дәстүрлі және жаңа әдеби үрдістер шебер ұштасқан.  Жүсіпбек Қорғасбек – Тәуелсіздік кезеңіндегі әдебиетімізді күрделі де тың тақырыптарды қаузаған әңгімелерімен байытқан танымал жазушы. Ол Желтоқсан көтерілісі мәселесін батыл көтерген санаулы жазушылардың қатарынан орын алады. Оның «Жансебіл» әңгімесі кино өнерінде осы аттас көркем фильмнің түсірілуіне негіз болды. Жазушының әңгімелері замандас бейнесін олардың жаңа дәуірдегі қоғам ісіне белсене араласуы мен адалдық, достық сезімдерін, күрескерлік қасиеттерін, бақыт іздеудегі шарқ ұрған арман-аңсарларын өмір шындығымен үйлестіре бейнелеуімен ерекшеленеді.

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора

  • «Үлпілдек». Роман